Жұма, 26 желтоқсан, 00:00

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№98 (2210)
23.12.2025
PDF мұрағаты

1,3 млрд жинаған ерлі-зайыпты 7 жылға сотталуы мүмкін

25.12.2025

62 0

Фото: shutterstock

Астанада ерлі-зайыпты Дәулет пен Толқын Тотақановтарға қатысты сот процесі жалғасып жатыр, – деп хабарлайды  kursiv.media

Жарыссөз барысында прокурор ерлі-зайыптыны 7 жылға бас бостандығынан айыруды, жас баласының болуына байланысты Толқын Тотақановаға жазасын кейін өтеу мүмкіндігін беруді сұрады.

Ұлының еміне 1,3 млрд теңге жиналған

Тергеу дерегінше, 2020-2024 жылдары Тотақановтар Instagram желісінде ұлына қойылған диагноз туралы айтып, еміне ақша жинаған. Әлеуметтік желіде эмоцияға толы видео мен жазба жариялап, әрі қарай таратып отырған. Нәтижесінде ерлі-зайыпты 1,3 млрд теңгеден астам қаражат жинаған, алайда баланың еміне небәрі шамамен 6,4-6,5 млн теңге ғана жұмсаған.

Қалған ақша Астанадан үш пәтер, жер телімін, бес автокөлік сатып алуға, бренд киім-кешекке, шетелге сапарға және букмекерлік кеңселердегі ставкаларға жұмсалған. Қаражаттың бір бөлігі (481 млн теңгеден астамы) парақшаны ілгерілетуге бағытталған.

Бұған дейін Biz Birgemiz Kazakhstan 2030 қорының жетекшісі Перизат Қайрат 10 жылға сотталды. Ол қайырымдылыққа жиналған 3,5 млрд теңгені иемденді деп айыпталды.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: