Сенбі, 21 желтоқсан, 19:30

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№100 (2110)
21.12.2024
PDF мұрағаты

1,5 жасқа дейінгі балаға төленетін жәрдемақыға түзетулер енгізілді

17.10.2022

782 0

Қазір жәрдемақы 1 жасқа дейінгі балаларға төленеді.

Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі «Балалы отбасыларға берілетін мемлекеттік жәрдемақыларды тағайындау және төлеу қағидаларын бекіту туралы» атты  Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізді, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz

Бала бір жарым жасқа толғанға дейін оның күтіміне байланысты тағайындалатын және төленетін ай сайынғы мемлекеттік жәрдемақы төлеу көзделген.

Қазіргі уақытта бала күтімі бойынша жәрдемақы 1 жасқа дейінгі балаларға төленеді.

Бала күтімі бойынша жәрдемақы бала туған күннен бастап бір жасқа толған күнге дейін, ал баланы (балаларды) асырап алған және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған бір жарым жасқа дейінгі балаға қамқоршылық тағайындалған жағдайларда – баланы (балаларды) асырап алу туралы сот шешімі заңды күшіне енген күннен бастап немесе қорғаншы тағайындалған күннен бастап бала бір жарым жасқа толған күнді қоса алған күнге дейін тағайындалады;

Бала күтімі бойынша жәрдемақыны тағайындаған кезде отбасы құрамында тірі туған, асырап алынған, сондай-ақ қамқоршылыққа (қорғаншылыққа) алынған балалар, егер басқа ата-ананың отбасында ескерілмесе, өгей балалар да ескеріледі;

Бұл ретте, отбасы құрамында өздеріне қатысты ата-аналары ата-ана құқықтарынан айырылған немесе ата-ана құқықтары шектелген балалар ескерілмейді;

Егер бір жарым жасқа толмаған бала қайтыс болғаннан кейін күтім жөніндегі жәрдемақыны тағайындауға жүгінген жағдайда күтім жөніндегі жәрдемақы қайтыс болу айын қоса алғанда тағайындалады;

Қандастарға бала күтімі бойынша жәрдемақы бала туған күннен бастап, бірақ қандас мәртебесі белгіленген күннен кейін тағайындалады;

Жәрдемақы тағайындау жөніндегі уәкілетті орган «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» Қазақстан Республикасы заңының 5-бабы 2-тармағының 11) тармақшасына сәйкес ақпараттандыру саласындағы уәкілетті орган белгілеген тәртіппен мемлекеттік қызмет көрсетуді мониторнгтеу ақпараттық жүйесіне мемлекеттік қызмет көрсету кезеңі туралы деректер енгізуді қамтамасыз етеді;

Бала бір жарым жасқа толғанға дейін оның күтімі бойынша жәрдемақы алушы қайтыс болған (сот хабарсыз кеткен немесе қайтыс болды деп жариялаған), ата-ана құқығынан айырылған немесе одан шектелген, бас бостандығынан айыру орындарында жазасын өтеп жатқан жағдайларда, заңның 4-бабы 1-тармағының 2) тармақшасына сәйкес міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесінің қатысушылары болып табылатын адамдарды қоспағанда, бала бір жарым жасқа толғанға дейін оған күтімді жүзеге асыратын адамға жәрдемақы төлеу жәрдемақы тағайындау жөніндегі уәкілетті орган бекіткен шешім негізінде жүргізіледі;

Тоқтатыла тұрған (тоқтатылған) төлемдерді қалпына келтіру кезінде өтініш беруші қайта ұсынған, төлемді қалпына келтіру үшін қажетті құжаттармен толықтырылған электрондық шешім жобасы бар электрондық іс макетін Мемлекеттік корпорация бөлімшесінің дайындауы және оны жәрдемақы тағайындау жөніндегі уәкілетті органның бекітуі тоқтатыла тұрған не қалпына келтіруге құқық басталған күннен бастап, бірақ заңның 4-бабы 1-тармағы 3) және 4) тармақшаларында көрсетілген негіздер бойынша жүгінер алдындағы үш жылдан асырмай, Заңның 4-бабының 1-тармағы 2) тармақшасында көрсетілген негіздер бойынша бала бір жарым жасқа толған күннен кешіктірмей, осы қағидаларға 17, 18, 19 және 21-қосымшаларға сәйкес нысандар бойынша жүргізіледі.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: