Бейсенбі, 29 қаңтар, 11:33

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№7 (2219)
27.01.2026
PDF мұрағаты

1,9 млн теңгеге жетеді: қандай мамандық иелері ең жоғары жалақы алады

29.01.2026

44 0

Фото:  kursiv.media

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі Электрондық еңбек биржасындағы бос жұмыс орындарын талдау қорытындысы бойынша сұранысқа ие және ең жоғары жалақы төленетін мамандықтар атады, – деп хабарлайды  kursiv.media

2025 жылы Enbek.kz порталында 1 млн 328 мың бос жұмыс орны жарияланып, 1 млн 453,8 мың түйіндеме орналастырылған. Осылайша, жұмыс іздеушілер тарапынан ұсыныс жарияланған сұраныстан 125,8 мыңға асып түсті. Барлық бос жұмыс орындарының жартысына жуығы жұмысшы мамандықтарға тиесілі.

Жыл бойы ең жоғары сұранысқа ие болған мамандықтар:

  • медбикелер мен мейіргерлер – ұсынылатын жалақы 143–178 мың теңге аралығында;
  • тәрбиешілер – 139–182 мың теңге;
  • автокөлік жүргізушілері – 151–195 мың теңге;
  • санитарлар – 110–133 мың теңге.

Ал жұмыс іздеушілер тарапынан түйіндемелер белсенді түрде мына лауазымдар бойынша орналастырылды:

  • бухгалтер (орташа күтілетін жалақысы – 308 мың теңге),
  • автокөлік жүргізушісі – 250 мың теңге,
  • тәрбиеші – 199 мың теңге,
  • заңгер лауазымына (орташа күтілетін жалақысы – 294 мың теңге).

Ең жоғары жалақы кімдерге ұсынылды

  • штурмандарға (флотта) – айына 875–900 мың теңге;
  • учаске бастығының орынбасарына (тау-кен өнеркәсібінде) – 714 мың теңгеден бастап және одан жоғары;
  • бұрғылау машинистеріне – 700 мың теңгеден бастап және одан жоғары.

Ал жұмыс іздеушілер өз түйіндемелерінде орта есеппен ең жоғары жалақыны мына мамандықтар бойынша көрсетті:

  • ұшқыштар – 1,9 млн теңге,
  • қызмет басшысының орынбасарлары (тау-кен саласында) – 1,2 млн теңге,
  • кеме капитандары – 1,1 млн теңге.

Еске сала кетейік, өткен жылы елдегі 629 кәсіпорында 3,1 млрд теңгеден астам берешек бар екені анықталған. 

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: