Бірыңғай сатып алушы үшін электр энергиясының құны кВт/сағатына шамамен 2 теңгеге өсуі мүмкін.
Қазақстанның 36 энергия өндіруші ұйымы электр энергиясының шекті тарифтерін түзетуге өтінім берген. Сондай-ақ үш жаңа компания энергия өндіруші ұйымдар тізіміне кіру үшін жаңа тариф енгізуді ұсынған. Осылайша Энергетика министрлігі шекті тарифтерді көтеру бойынша бұйрық әзірледі.
Яғни, бірыңғай сатып алушы үшін электр энергиясының құны кВт/сағатына шамамен 2 теңгеге өсуі мүмкін.
Оны 22 қаңтарға дейін талқылау үшін «Ашық НҚА» порталына жариялады.
Электр бағасын көтерудегі негізгі мақсат – мамандардың жалақысын арттыру. Сондай-ақ энергетика саласындағы кадр тапшылығы мен жанармай бағасының өсуі себеп болған.
Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!