Бейсенбі, 30 қаңтар, 23:30

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№ 7, 2120
28.01.2025
PDF мұрағаты

1 ақпаннан бастап электр энергиясының тарифтері қымбаттайды

30.01.2025

108 0

Фото: Нұрболат Нұржаубай

Қазақстанның бірнеше өңірінде электр энергиясының шекті тарифтері көтеріледі, – деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Энергетика министрі 2025 жылғы 27 қаңтарда электр энергиясының шекті тарифтеріне өзгерістер енгізу туралы бұйрыққа қол қойды. Құжат 2025 жылғы 1 ақпаннан бастап күшіне енеді. Бұйрыққа сәйкес, келесі топтар бойынша электр энергиясының шекті тарифтері өседі:

1-топ (Б. Нұржанов атындағы Екібастұз ГРЭС-1) – 8,27-ден 9,5 теңгеге дейін (кВт/сағ).

2-топ (Еуразиялық энергетикалық корпорациясы) – 7,98-ден 9,4 теңгеге дейін.

3-топ (Екібастұз ГРЭС-2 станциясы) – 13,17-ден 15,67 теңгеге дейін.

4-топ (Топтардың негізгі таратушы энергостанциясы) – 15,32-ден 20,84 теңгеге дейін.

5-топ (Т.И. Батуров атындағы Жамбыл ГРЭС) – 17,73-тен 22,58 теңгеге дейін.

6-топ («Қарағанды Энергоорталығы») – 14,09-дан 17,64 теңгеге дейін.

7-топ (Өскемен ЖЭО) – 14,27-ден 17,82 теңгеге дейін.

8-топ («Севқазэнерго») – 18,61-ден 23,17 теңгеге дейін.

9-топ («Астана-Энергия» АҚ) – 9,28-ден 11,71 теңгеге дейін.

10-топ («Павлодарэнерго» (ЖЭО-2,3) – 18,25-тен 24,29 теңгеге дейін.

12-топ («Қазақстан алюминийі» АҚ) – 7,87-ден 8,52 теңгеге дейін.

13-топ («Қазақмыс Энерджи» (ЖТЭЦ, БТЭЦ) – 21,42-ден 30,24 теңгеге дейін.

16-топ («Bassel Group LLS») – 16,73-тен 25,48 теңгеге дейін.

18-топ (Степногорск ЖЭО) – 28,97-ден 38,67 теңгеге дейін.

22-топ («Кентау Сервис» МКК) – 7,07-ден 37,12 теңгеге дейін.

23-топ («Арқалық жылу-энергетикалық компаниясы» МКК) – 8,44-тен 13,13 теңгеге дейін.

26-топ («Алматы электр станциялары» (ЖЭО-1,2,3, Қапшағай ГЭС, Каскад ГЭС) – 17,82-ден 20,93 теңгеге дейін.

Осыған қарамастан – 11, 14, 24, 29, 30, 32, 35, 36, 43-48, сондай-ақ 56-60 топтағы компаниялар үшін тарифтер өзгеріссіз қалды.

Айта кетейік, 27 қаңтар Қазақстанда коммуналдық қызметтердің тарифтері өсетіні туралы Ұлттық экономика вице-министрі Арман Қасенов Үкіметте өткен брифингте мәлімдеген болатын. Сондай-ақ 1 ақпаннан бастап 2020-2024 жылдарға арналған, бұрын бекітілген тарифтердің қолданылу мерзімі аяқталуына байланысты сумен жабдықтауға және су бұруға жаңа тарифтер енгізіледі.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: