Бейсенбі, 15 қаңтар, 19:15

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№3 (2215)
13.01.2026
PDF мұрағаты

1 ақпаннан бастап Қазақстанда мотор майларын міндетті таңбалау енгізіледі

15.01.2026

40 0

Фото: shutterstock.com

Қазақстанда 1 ақпаннан бастап мотор майларын өндірушілер мен сатушылар өз өнімдерін міндетті түрде таңбалауға міндеттеледі, – деп хабарлайды  kursiv.media

Энергетика министрлігі 2026 жылдың ақпан айынан бастап мотор майларын міндетті цифрлық таңбалау енгізілетіні туралы хабарлады. Бұл шара «Таңбалауға жататын тауарлар тізбесін айқындау туралы» бұйрыққа сәйкес жүзеге асырылады. Барлық өндірушілер, импорттаушылар, көтерме және бөлшек саудамен айналысатын компаниялар қаңтар айының соңына дейін тауарларды таңбалау және қадағалау жөніндегі ақпараттық жүйеде тіркеуден өтуі қажет.

«Жаңа реттеу тетігін енгізу кезең-кезеңімен жүргізіледі. Ағымдағы жылдың ақпан айынан бастап елде өндірілген немесе осы күннен кейін импортталған мотор майлары міндетті түрде таңбалануы қажет. Ал тауар қозғалысын жеткізу тізбегінің барлық кезеңінде толық қадағалау режимі 2027 жылғы 1 ақпаннан бастап енгізіледі«, – делінген хабарламада.

Бұл жаңашылдықтың негізгі мақсаты –  нарықтың ашықтығын арттыру және тұтынушылардың құқықтарын қорғау. Сарапшылардың бағалауынша, қазіргі таңда сатылып жүрген мотор майларының басым бөлігі көлеңкелі айналымда болуы мүмкін. Адал емес жеткізушілер контрафакті өнімді құю үшін танымал брендтердің түпнұсқа ыдыстарын жиі пайдаланады, соның салдарынан жалған өнімді түпнұсқадан ажырату қиынға соғады. Мұндай сапасыз майларды қолдану автокөлік иелері үшін тікелей қауіп төндіріп, қозғалтқыштың істен шығуына және едәуір қаржылық шығындарға әкелуі мүмкін.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: