Сейсенбі, 29 сәуiр, 21:39

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№31,2144
29.04.2025
PDF мұрағаты

1 мамыр күні магниттік дауыл болады

29.04.2025

160 0

Мамандардың айтуынша, көктемнің үшінші айының алғашқы күндерінде Жерде магниттік дауыл болады, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

1 және 2 мамырдағы магниттік дауыл: күштілігі қандай және қашан басталады

Күтпеген және қуатты геомагниттік дауыл 2025 жылдың 30 сәуірі күні сағат 23:00-де басталуы мүмкін. Оның күші G2 деңгейіне (Kp 6) дейін жетеді деп болжануда. Дауылдың әсері жер шарының көптеген аймақтарында сезіледі. Бұл ғарыштық қолайсыз ауа райы 1 және 2 мамыр күндері жалғасады.

Метеосезімтал адамдар осы күндері өзін нашар сезінуі мүмкін: бастың ауыруы, қан қысымының ауытқуы, ұйқысыздық және ашушаңдық байқалуы ықтимал.

Бұдан бөлек, электроника, навигациялық жүйелер мен радиобайланыс жұмыстарының бұзылу қаупі бар. Сондай-ақ әдетте байқалмайтын өңірлерде де жарқын полярлық шұғыла көру мүмкіндігі бар.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: