Қазақстанда 1 маусым – «Балаларды қорғау күні» мемлекеттік мереке ретінде бекітілуі мүмкін. Бұл туралы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Светлана Жақыпованың мәжіліс депутаттарының сауалына берген жауабында айтылған, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.
«Балаларды қорғау күнін» мемлекеттік мереке ретінде белгілеуге қатысты – «Халықаралық балаларды қорғау күні» дәстүрлі түрде 1 маусымда атап өтіледі.
Бұл күні көптеген елде балалардың өмірін жақсартуға бағытталған қайырымдылық акциялары өткізіледі, балалардың құқықтарын қамтамасыз ету тақырыбындағы маңызды және өзекті мәселелер талқыланады, бүкіл әлем балаларының алдында тұрған өткір проблемалар көтеріледі. Балалардың өздері үшін 1 маусым демалыстың басталуымен, демалу, көңіл көтеру, қызықты істермен айналысу мүмкіндігімен байланыстырылады.
Дәстүр бойынша, бұл күні ата-аналар балаларды аттракциондар саябағына, ойын орталықтарына серуендеуге апарады және жалпы мерекелік көңіл күйді ұйымдастырады. Аталған мереке ата-аналар мен балаларға бірлесіп уақыт өткізуге, мәдени, тәрбиелік және қоғамдық іс-шараларға қатысуға мүмкіндік береді.
Бұл баланың жақсы психоэмоционалды жағдайда отбасының жанында толық қауіпсіздікті сезінуіне әсерін тигізеді.
Жоғарыда айтылғандардың негізінде, сонымен қатар елімізде отбасы институты мен отбасылық құндылықтарды нығайту мақсатында 1 маусым – «Балаларды қорғау күнін» мемлекеттік мереке ретінде белгілеуді мүмкін деп санаймыз», – делінген министр жауабында.
Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!