Қазіргі кезде Alaqan сервисін 1 млн адам қолданады. Жүйе 4 млрд теңге бюджет қаражатын үнемдеуге ықпал еткен. Бұл туралы Alaqan стартабының негізін қалаушы Берік Нұрымбетов Digital Qazaqstan форумы аясындай мәлімдеді, – деп хабарлайды kursiv.media
«Қазақстан экономиканың түрлі саласын цифрландыру мен жасанды ителлектті енгізуге басымдық беріп отыр. Осы бағыттағы құқықтық негіз қалыптасып жатыр. Бұндай форум мемлекет пен бизнеске, стартап иелеріне экономиканы дамыту үшін ортақ шешім табуге көмектеседі. Осындай қарқынмен кете берсе, Қазақстан Орталық Азияның цифрлық хабына айналып қана қоймай, өзінің технологиялық шешімдерін эскпорттайтын елге айналады», – деп тұжырыммдайды Берік Нұрымбетов,
Alaqan стартабы – адамды алақаны арқылы тануға мүмкіндік беретін биометрикалық жүйе. Бұл технология Қазақстанның банк пен білім беру жүйесінде қолданылады.
«Қазіргі кезде біздің сервисті 7 елге шығарып жатырмыз. Қазақстанда 1 млн адам біздің сервисті қолданады. Мемлекетке процестерді ашық етуге көмектесіп, 4 млрд теңгеден аса бюджет қаражатын ұнемдеуге ықпал еттік. Бұның бәрі цифровизация аясында жүзеге асылып жатыр», – деді ол.
Бұл стартап көпшілікке 1 жыл бұрын Digital Almaty форумы аясында таныстырлған еді.
Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!
