Жұма, 31 қазан, 15:23

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№82,2194
29.10.2025
PDF мұрағаты

1 қарашадан бастап не өзгереді

31.10.2025

54 0

Фото: BAQ.KZ коллажы

Елімізде 1 қарашадан бастап не өзгереді. BAQ.KZ тілшісінің шолуына назар аударып көрейік.

Қарашада неше күн демаламыз?

Қараша айында Қазақстанда мереке күндері жоқ. Сол себепті бес күндік жұмыс аптасында жұмыс істейтіндер тек сенбі және жексенбі күндері демалады.

Осылайша бұл айда 10 күн демалыс бар.

Қарашада қандай мереке ба?

Қараша айында да кәсіби және басқа да мерекелер бар. Жұмыс күндері мен демалыс күндеріне қарамастан, олар мерекеленіп, салаға үлес қосып жатқан мамандар еленіп, ескеріледі.

5 қараша – Сыртқы барлау күні.

8 қараша – Статистика күні.

10 қараша – Цифрландыру және ақпараттық технологиялар қызметкерлерінің күні.

15 қараша – Ұлттық валюта – теңге күні, Қазақстан Республикасы қаржы жүйесі қызметкерлерінің кәсіби мерекесі.

16 қараша (қарашаның үшінші сенбісі) – Бұрғышылар күні.

17 қараша (қарашаның үшінші жексенбісі) – Ауыл шаруашылығы, тамақ және өңдеу өнеркәсібі қызметкерлерінің күні.

Қарашада күн қандай болады?

Қазгидромет мамандарының мәліметінше, 2025 жылдың қараша айында Қазақстанның басым бөлігінде қар түріндегі жауын-шашын күтіледі. Ал оңтүстік және оңтүстік-батыс өңірлерде жаңбыр мен қар аралас жауын жауады.

Ай бойы елдің солтүстік, орталық және шығыс өңірлерінде күшті жел, боран, көктайғақ пен тұман жиі байқалады.

Айдың басында ауа температурасы біртіндеп жоғарылап, кейін қайта төмендейді – мамандар бұл құбылысты “температуралық тербелістер” деп атап отыр.

Солтүстік, орталық және шығыс өңірлерде:

Айдың басында түнде –2…–7°C-тан 0…+5°C-қа дейін, күндіз +2…+10°C-қа дейін жылы болады.

Бірінші онкүндіктің соңына қарай түнде –7…–12°C, күндіз 0…–5°C шамасында суытады.

Екінші және үшінші онкүндіктерде түнгі температура –5…–16°C, кей жерлерде –18°C-қа дейін төмендейді. Күндіз –3…–10°C аралығында болады.

Айдың соңында аяз күшейіп, түнде –15…–20°C, күндіз –10…–15°C болады.

Оңтүстік, оңтүстік-батыс және оңтүстік-шығыс өңірлерде:

Түнгі температура –3…–12°C пен 0…+7°C аралығында, күндіз +1…+18°C-қа дейін жылы болады.

Айдың соңында кей күндері аяз күшейіп, түнде –5…–15°C, күндіз 0…–5°C дейін төмендеуі мүмкін.

Жалпы алғанда, қараша айында ауа температурасы нормаға қарағанда 1°C жоғары болады деп болжанып отыр.

Қараша айында елдің көп бөлігінде жауын-шашын мөлшері нормаға жуық,
ал батыс және солтүстік-шығыс өңірлерде — нормадан сәл жоғары болады.

Бұл өңірлерге Солтүстік Қазақстан, Ақмола, Шығыс Қазақстан, Батыс Қазақстан, Павлодар, Атырау, Маңғыстау және Қостанай облыстарының солтүстік-шығыс бөлігі, сондай-ақ Абай облысының шығысы жатады.

Оқушылардың II тоқсаны басталады

Еліміздің мектеп оқушылары күзгі демалыстан шығып, 3 қарашада оқу жылының II тоқсанын бастайды.

Балалардың каникулы төмендегідей болатынын еске сала кетейік:

Iтоқсан – 8 апта, күзгі каникул: 27 қазан – 2 қараша 2025 жыл;

IIтоқсан – 8 апта, қысқы каникул: 29 желтоқсан 2025 жыл – 7 қаңтар 2026 жыл;

IIIтоқсан – 10 апта, көктемгі каникул: 19-29 наурыз 2026 жыл;

1-сынып оқушыларына қосымша демалыс: 9-15 ақпан 2026 жыл;

IVтоқсан – 8 апта.

Қазақстанда мигранттарды тіркеу жүйесі жеңілдетіледі

Қазақстанда 2025 жылдың 1 қарашасына дейін көші-қон үдерістерін есепке алудың Бірыңғай цифрлық платформасын іске қосу жоспарланып отыр. Жаңа жүйе арқылы барлық көші-қон рәсімдері бір қызметке біріктіріледі.

Жаңа модель не қарастырады:

  • Келушінің сапар мақсаты туралы мәлімет оның келуіне дейін белгілі болады;
  • Тексеру процестері жүйелердің интеграциясы арқылы автоматты түрде жүргізіледі;
  • Мигранттармен өзара әрекет бірыңғай платформа арқылы жүзеге асырылады;
  • Көші-қон ағындарын болжау үшін аналитикалық деректер базасы қалыптастырылады.

Бұл жүйе рәсімдердің санын 60–70%-ға дейін азайтып, қайталанатын процестерді жояды, ашықтықты арттырады және мемлекеттік органдардың жұмысын жеңілдетеді, — деді Жасанды интеллект және цифрлық даму министрі Жаслан Мадиев.

Баспана алуға тағы бір мүмкіндік

“Наурыз” және “Наурыз жұмыскер” ипотекалық бағдарламалары бойынша несиелеу көлемі 500 млрд теңгеге дейін ұлғайтылды.

Осы екі бағдарлама бойынша өтініш қабылдау 3 қарашада басталады.

“Наурыз” және “Наурыз жұмыскер” бағдарламаларының шарттары туралы ақпаратты бағдарлама атауына басып біле аласыз.

Жаңа рейстер іске қосылады

Qazaq Air Қырғызстан мен Өзбекстанға тікелей рейстерді іске қосады.

7 қарашадан бастап Астанадан Самарқандқа (аптасына екі рет, жұма және жексенбі күндері), ал 10 қарашадан бастап Астанадан Бішкекке (аптасына екі рет, дүйсенбі және бейсенбі күндері) жаңа рейстер ашады.

Субсидияланатын жұмыс орындарына өтініш беру басталады

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі 2026 жылға арналған субсидияланатын жұмыс орындарын ұйымдастыру үшін жұмыс берушілерден өтінім қабылдау мерзімін қарашаға ауыстырды. Жаңа өтінім беру мерзімі: 2025 жылғы 1 қарашадан бастап 31 желтоқсанға дейін.

Өтінімдер электрондық форматта “Электрондық еңбек биржасы” (Enbek.kz) цифрлық платформасы арқылы қабылданады.

Магистратура мен докторантураға құжат тапсыруға болады

Қазақстанда магистратура мен докторантураға құжат қабылдау 28 қазанда басталады.

Құжат қабылдау 10 қараша 2025 жылға дейін (қоса алғанда) жалғасады.

Тестілеудің өтетін орны мен уақыты жөніндегі ақпарат талапкерлердің app.testcenter.kz сайтындағы жеке кабинеттерінде қолжетімді болады:

  • магистратураға түсушілер үшін – 14 қарашада,
  • докторантураға түсушілер үшін – 27 қарашада жарияланады.
  • Магистратураға түсуге арналған кешенді тестілеу (КТ) құны – 14 693 теңге,
  • Докторантураға түсу үшін – 21 072 теңге.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: