Сейсенбі, 30 қыркүйек, 11:43

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№74, 2186
30.09.2025
PDF мұрағаты

1 қазаннан бастап не өзгереді?

30.09.2025

66 0

Фото: BAQ.KZ коллажы

1 қазаннан бастап қазақстандықтардың өмірінде қандай өзгерістер болады? BAQ.KZ тілшісінің шолуына назар аударып көрейік.

Қарттар күні

1 қазан күні елімізде қарттар күні аталып өтіледі. Халықаралық қарттар күні – 1990 жылы 14 желтоқсанда БҰҰ Бас ассамблеясында бекітіліп, жарияланды.

Бұл мереке елімізде жыл сайын аталып өтіледі.

Мұғалімдер күні

Қазақстандық ұстаздардың кәсіби мерекесі – Мұғалімдер күні 5 қазанда аталып өтіледі.

Мемлекеттік мерекелер тізіміне сәйкес, республикада Мұғалімдер күні 2023 жылға дейін қазан айының бірінші жексенбісінде тойланып келді. Енді бұл мереке 5 қазанда әлемнің 100-ден астам елі мерекелейді.

Мұғалімдер күні – білім беру саласындағы қызметкерлердің барлығына ортақ кәсіби мереке. Бұл күні білім саласына елеулі еңбек сіңірген кәсіби мамандар марапатталады.

Кәсіби мереке ең көп ай

Қазанда бірнеше кәсіби мереке бар.

Олар:

Радио күні – 1 қазан;

Қорғаныс өнеркәсібі қызметкерлері күні – 6 қазан;

Қазақстан кәсіптік одақтарының күні – 10 қазан;

Құтқарушы күні – 19 қазан;

Орман шаруашылығы қызметкері күні – қазанның үшінші жексенбісі;

Кітапханашы күні – 24 қазан;

Әлеуметтік қорғау жүйесі қызметкерлері күні – қазанның соңғы жексенбісі;

Күзет ұйымдарының қызметкерлері күні – 29 қазан.

Республика күні

Қазанда елімізде Республика күні атап өтіледі. Осыған байланысты қазақстандықтарға демалыс беріледі.

Электрондық үкімет сайтындағы ақпаратқа сәйкес, 25 қазанда Қазақстанда Республика күні атап өтіледі. Бұл күн биыл сенбіге сәйкес келеді. Соған қарамастан қазақстандықтар үшін қосымша бір күн демалыс болады.

25 қазан сенбіден 27 қазан дүйсенбіге ауыстырылады.

Бес күндік жұмыс аптасы бойынша жұмыс істейтін отандастарымыз үш күн қатарынан демалады:

  • 25 қазан, сенбі – демалыс;
  • 26 қазан, жексенбі – демалыс;
  • 27 қазан, дүйсенбі – демалыс.

«Отбасы банк» шектеу қоймақ

2025 жылдың 1 қазанынан бастап «Отбасы банк» жалдау және ипотека төлемдерін онлайн шектеп, оларды тек жұмыс күндері 9:00-ден 17:00-ге дейін бөлімшелерде немесе “Баспана Маркет” порталы арқылы қабылдайды. Портал арқылы жасалған өтінімдер үш жұмыс күнінде қаралатынын ескеріп, банк клиенттерге төлемдерді алдын ала жүргізуді ұсынады.

Мүлік салығы: 1 қазанына дейін төлеуді ұмытпаңыз

2025 жылдың 1 қазанына дейін жеке тұлғалар 2024 жылға арналған мүлік салығын төлеуі тиіс. Салық нысанның құны мен оны иелену мерзіміне қарай есептеледі. Кейбір санаттағы азаматтар (ардагерлер, мүгедектігі бар адамдар, көпбалалы аналар, зейнеткерлер және т.б.) жеңілдіктерге ие. Уақытында төлемеген жағдайда қарызға айыппұл қосылып, шоттарға тыйым салынып, шетелге шығуға шектеу қойылуы мүмкін. Салықты e-Salyq Azamat, банктердің қосымшалары, egov.kz және банкоматтар арқылы төлеуге болады.

Толығырақ мына жерден оқуға болады.

ЧЛ: “Қайрат” екінші ойынын өткізеді

“Қайрат” Чемпиондар лигасындағы екінші өз алаңындағы ойынын өткізеді. Алматылықтардың қарсыласы Кипрдің “Пафос” клубы болады. Кездесу қазанның 21-і, сейсенбі күні өтеді, басталуы – 21:45-те.

Еске сала кетейік, биылғы ЧЛ маусымындағы алғашқы өз алаңындағы ойынын “Қайрат” бүгін өткізеді. Ол матчта алматылықтарға “Реал Мадрид” қарсы шығады. Басталу уақыты – 21:45.

1 қазаннан бастап медицина қызметкерлері маска тағып жүреді

15 қыркүйектен бастап елімізде тұмауға қарсы екпе салу науқаны басталады. Бас санитар дәрігердің жаңа қаулысы жарияланды. 

Құжатта тұмау, ЖРВИ және COVID-19 таралуының алдын алуға қатысты шаралар кешені қамтылған. Оған сәйкес, медициналық мекемелердегі дезинфекциялық режим күшейтіледі. Сондай-ақ, қазаннан бастап медициналық ұйымдардың медицина қызметкерлеріне маска кию режимі енгізілетіні туралы айтылған.

АҚШ визасы қымбаттайды

1 қазаннан бастап АҚШ жаңа визалық алым енгізеді. Оның бастапқы мөлшері 250 долларды (2025 жылғы 23 қыркүйектегі бағаммен шамамен 135 мың теңге) құрайды.

Golf News дерегінше, бұл төлем Visa Integrity Fee («адалдық алымы») деп аталады және туристік, еңбек, студенттік әрі өзге де қысқа мерзімді визаларға қолданылады. 2025 жылдың қазанына дейін алым көлемі 250 доллар болып бекітілсе, 2026 жылдан бастап ол тұтыну бағалары индексіне сәйкес инфляцияны ескеріп жыл сайын қайта қаралады.

Қазақстандағы алғашқы АЭС-ке ең үздік атау беру байқауы басталды

Атом энергиясы жөніндегі ҚР агенттігінің баспасөз қызметі хабарлағандай, байқауға елдің әрбір тұрғыны eGov Mobile мобильді қосымшасы арқылы қатыса алады.

Қатысу үшін тілді (қазақ немесе орыс) таңдап, өз атау нұсқаңызды ұсыну, қажет болса оның мағынасын қысқаша сипаттау және байқаудың ресми ережелерімен танысқаныңызды растау қажет.

Ұсыныстар 10 қазан күні сағат 23:59-ға дейін қабылданады.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: