Сәрсенбі, 22 қазан, 13:04

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№80, 2192
21.10.2025
PDF мұрағаты

1 сәуірден кейін бәрі тағы да қымбаттай ма? Халықты не күтіп тұр?

22.10.2025

84 0

Фото: gov.kz

Премьер-министрдің орынбасары – Ұлттық экономика министрі Серік Жұманғарин тарифтердің қымбаттауы туралы шешімдер алдын ала есепке негізделіп қабылданатынын айтты, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Оның айтуынша, барлық өзгеріс жоспарлы түрде, белгілі бір кезеңмен жүзеге асады. Министр бұл ретте бизнес қауымдастықпен жүргізілген ашық диалогты да еске салды.

Естеріңізде болса, жақында бизнес өкілдерімен кездесу өткіздік. Мыңға жуық адам жиналды. Видеоконференцияда әр өңірден бизнес өкілдері қатысты. Ашық боламыз деп уәде бердік. Халық үніне құлақ асатын мемлекетпіз. Ешқандай асығыс шешім қабылданған жоқ. Барлық шешім нақты есепке сүйене отырып қабылданды. Себебі әр өзгерістің артында есеп бар, ертеңгі табыс пен шығынның балансы ескеріледі, – деді Жұманғарин.

1 сәуірден кейін бәрі қайтадан қымбаттап кетпей ме?

Бұл мәселені тек 1 сәуірмен шектемейміз. Мәселен, тарифтер туралы айтсақ, оларды да бірден енгізіп жіберу ойымызда жоқ. Оған уақыт керек. Жүйелі түрде, кезең-кезеңімен жүзеге асырамыз. Мысалы, биыл біз теміржол тарифін 24%-ға, газ бағасын 33%-ға көтердік. Газ – бұл тек өз алдына өнім емес, сонымен қатар жылу, электр энергиясы, су бағасына да тікелей әсер ететін негізгі ресурс. Сол себепті бұл өзгерістердің әсері үлкен. Ал басқа кішігірім салаларға әсері аздау болады. Біз келесі жылы көктемде (сәуірде) барлық тарифті бірден көтереміз деп отырған жоқпыз. Оның бәрі арнайы кестемен, белгілі бір кезеңмен жүзеге асады, – деп түсіндірді ҰЭМ басшысы Мәжіліс кулуарында.

Оның сөзінше, мысалы, жазда жылу тарифін көтеру халыққа қысым болмайды. Себебі жаз мезгілінде жылу тұтыну төмен. Қалғаны, мысалы, ыстық су, кәріз жүйесі сияқты коммуналдық қызметтер инфляцияға үлкен әсер етпейді.

Мен айтар едім, осыдан 18 жыл бұрын біз осы бағдарламаны бастап едік. Кейін тексерулер келіп, тоқтап қалды. Үлкен әкімшілік қысым болды. Соның салдарынан жүйе тозды. Сол кездегі тозу деңгейі 75-80%-ға жеткен болатын. Қазір одан да жоғары шығар. Егер дәл қазір бастамасақ, ертең бәрі істен шығады. Инфрақұрылымды қайта жаңғыртуымыз керек. Бірақ ол үшін қомақты қаражат қажет, ал қазіргі жағдай бұл қажеттілікті толықтай қамтамасыз ете алмай отыр, – деп айтты министр.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: