Бейсенбі, 26 желтоқсан, 07:06

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№101 (2111)
24.12.2024
PDF мұрағаты

10 тамызға арналған жұлдыз жорамал

10.08.2023

492 0

Жұлдыз жорамалы бойынша сізді не күтіп тұрғанын біліңіз. Біздің жұлдыз жорамалымызға сүйене отырып, сіз жұмыс жоспарыңызды тиімдірек құра аласыз, жеке қарым-қатынастарыңызды дамыта аласыз және күнделікті денсаулығыңызды бақылай аласыз.

Жұлдыз жорамал: Тоқтыларды бүгін не күтіп тұр? Жағдайды анықтауға көмектесетін маңызды әңгіме немесе кездесу болады. Бұл күнгі оқиғалар сіздің жайлылығыңызды бұзып, жағымсыз сезім қалдыруы мүмкін, бірақ тұтастай алғанда күн айтарлықтай жаман болмайды. Бүгін отбасыңызда тамаша түсіністік орнайтын күн. Жақындарыңызға деген ерекше жылылық пайда болып, қарым-қатынастарыңыз беки түседі.

Жұлдыз жорамал: Торпақтарды бүгін не күтіп тұр? Осы демалыс күндері достарыңызбен кездесуді жоспарламаңыз, сізде ұзақ мерзімді қарым-қатынас үшін ресурс қалмауы мүмкін. Өзіңізге сын көзбен қарамаңыз: тіпті өзіңізді майда-шүйдеге кінәлауға дайын тұрсаңыз да, сынаудан аулақ болыңыз, сіз өзіңізге келгенде тым қаталсыз.

Жұлдыз жорамал: Егіздерді бүгін не күтіп тұр? Мүмкін болса, күнді өзіңге арнаңыз, жоспарланбаған кездесулерден бас тартыңыз: эмоционалды жеңілдеуді сезіну артық етпейді. Қарым-қатынаста өз тілектеріңізді айтуда батыл болыңыз – серіктесіңіз сізді тыңдауға дайын.

Жұлдыз жорамал: Шаяндарды бүгін не күтіп тұр? Қиын жағдайда қалғандарға көмектесу қуаныш пен жағымды эмоциялар әкеледі. Мазаңызды қашырған көп мәселе өздігінен шешіледі. Эмоцияларыңызды бақылауда ұстаңыз. Проблемаларыңызды асыра айтып, достарыңыздың басын қатырмаңыз. Даналық пен шыдамдылық танытыңыз.

Жұлдыз жорамал: Арыстандарды бүгін не күтіп тұр? Күніңізді жоспарлауға уақыт бөліңіз. Өзіңізді көп жұмыспен жүктемеңіз. Бәрібір бұл күн нәтижелі болмайды. Жұмысқа ден қойып, ләззат алыңыз. Бүгін кішігірім тұрмыстық заттар сынуы мүмкін: үй техникасын қолданғанда абай болыңыз.

Жұлдыз жорамал: Бикештерді бүгін не күтіп тұр? Егер сіз соңғы уақытта үнемі апатия мен күйзелісте жүргеніңізді сезсеңіз немесе әрқашан қуанатын нәрсеге риза болмай жүрсеңіз, психологпен кеңесуіңіз керек. Өз эмоционалдық жай-күйіңізді бақылаңыз. Мазалаған мәселелер өткеннің еншісінде қалады. Жеңіл және жайлы күн күтіп тұр : шопинг жасаңыз, романтикалық кешкі ас ұйымдастырыңыз, сүйіктіңізді таң қалдырыңыз.

Жұлдыз жорамал: Таразыларды бүгін не күтіп тұр? Өзіңіздің екінші жартыңызға қаншалықты риза екеніңізді айтып қойыңыз. Еш қысылмаңыз, ол бұған мұқтаж. Өзіңіз туралы жағымсыз шындықты естігіңіз келмесе, серіктеспен жанжалдасқанда қатты кетпеңіз.

Жұлдыз жорамал: Сарышаяндарды бүгін не күтіп тұр? Күннің екінші жартысы жеке қарым-қатынасқа ұнайтын өзгерістер әкеледі. Жұлдыздар сіздің жағыңызда, сондықтан бастаманы өз қолыңызға алудан қорықпаңыз. Күйбең тірлікке асықпаңыз, өзіңізге көңіл бөліңіз.

Жұлдыз жорамал: Мергендерді бүгін не күтіп тұр? Үйіңіздің ауасы таза әрі кең болғанын қаласаңыз, сөрелерден ескі «шаң жинағыш» декорларды алып тастауға тырысыңыз. Бөлмелердегі шағын декорларсыз сізге үйді тазалау да оңайырақ болады. Егер сіздің арқаңыз аздап ауырса, дәрігерге баруды кешіктірмеңіз. Ортопедиялық матрац сатып алуды да қарастырыңыз.

Жұлдыз жорамал: Тауешкілерді бүгін не күтіп тұр? Ескі доспен кездесу өткен күндерді еске түсіруге көмектеседі. Оған ерекше сыйлық жасаңыз. Жаныңыздағы адамдарға жақсы болып көріну үшін өз болмысыңызды өзгертуге тырыспаңыз. Сіз осы қалпыңызда махаббатқа лайықсыз.

Жұлдыз жорамал: Суқұйғыштарды бүгін не күтіп тұр? Туыстармен арада келіспеушілік туындауы мүмкін, өзіңізден кішілермен тіл табысу қиын болады. Сабырлы болыңыз, содан кейін жанжалдан аулақ болыңыз. Жоспарланып қойған істерге ешқандай оқиға кедергі бола алмайды. Жалғызбасты жандарға еш уайымдаудың қажеті жоқ. Егер сүйіктіңізді таба алмай жүрсеңіз, онда қаймықпаңыз. Әр нәрсенің өз уақыты бар, тағдыр сізге қажетті адамды тауып беретіні анық. Күтпеген уақытта күтпеген адамға жолығуыңыз мүмкін.

Жұлдыз жорамал: Балықтарды бүгін не күтіп тұр? Бизнесте бастамашыл болыңыз. Бұл басқалар сәтсіздікке ұшыраған жерде табысқа жетуге көмектеседі. Қазір тәжірибе жасауға жақсы уақыт. Күтпеген, батыл әрі бірегей шешімдерді қабылдайсыз. Жаңа одақтастар табасыз. Әлеуетті серіктестермен, ықпал етушілермен немесе жұмыс берушілермен кездесу өткізуіңіз мүмкін. Жуғаннан кейін киімді қалай кептіретініңізге назар аударыңыз: егер сіз киімді кептіргіште ілместен бұрын дымқыл күйінде сілкіп, тіктеп шықсаңыз, кейін киміді үтіктеуге уақыт жоғалтпайсыз.

Ақпарат көзі: kaz.nur.kz

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: