Жамбыл облысындағы Байзақ ауданында 10 жасар баланы мектептен қайтып келе жатқанда қаңғыбас иттер талап тастаған. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Иттерге таланған баланы аудандық орталық ауруханаға жеткізген. Байзақ ауданының әкімі Олжас Баққараевтың сөзінше, баланың бетінде, маңдай мен самай бөлігінде, мұрнын тістеп тастаған.
«Ауруханаға түскенде алдымен жарақатты өңдеп алды. Антибактериялық, симптоматикалық ем қабылдап, психолог және офтальмологтан кеңес алды. Қазір үйіне шығарылған. Дәрігерлердің сөзінше жағдайы қанағаттанарлық», – деді ол.
Тұрғындардың сөзінше, аймақта жыл сайын қаңғыбас иттердің саны көбейіп келеді. Сондықтан атқарушы органға түсетін шағым саны да артыпты.
Айта кетейік, бұған дейін Әлеуметтік желіде атыраулықтар қала көшелерінде қаңғыбас иттердің көбейіп кеткенін айтып, алаңдаушылық білдіргені туралы хабарлаған едік.
Тұрғындар күн сайын көбейіп жатқан бұралқы иеттерден қауіп көп деп отыр. Айтуыларынша, иттер мектепке бара жатқан балалардың артынан жүгіріп, қорқытатын көрінеді. «Жұлдыз-2» ықшамауданы тұрғындарының бірі мұның біршама уақыттан бері жалғасып келе жатқанын айтып, балалардың қауіпсіздігіне алаңдайтынын жеткізді.
Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!