Бейсенбі, 10 шiлде, 22:45

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№50,2163
09.07.2025
PDF мұрағаты

10 жастағы қызды автобус қағып кетті

10.07.2025

69 0

Фото: istockphoto.com

Мұнайлы ауданы Маңғыстау ауылында 105-қоғамдық көлік жаяу жүргіншілер өткелінде 10 жастағы баланы қағып кеткен. Қыз бала оқиға орнында көз жұмды, – деп хабарлайды turkystan.kz.

Мұнайлы аудандық полиция бөлімі бастығының орынбасары Батырхан Сындаровтың айтуынша, аталған оқиға бойынша қылмыстық іс қозғалып, автобус жүргізушісі уақытша ұстау изоляторына қамалған.

«Қоғамдық көлік жүргізушісі жол қозғалысы ережелерін сақтамай, реттелмейтін жаяу жүргіншілер өткелінен өтіп бара жатқан жасөспірімді қағып кеткен. Жол-көлік оқиғасы салдарынан дене жарақатын алған қыз оқиға орнында қаза тапты. Жүргізушіге қатысты ҚР Қылмыстық кодексінің 345-бабының 3-бөлігі бойынша тергеу басталды. Қоғамдық көлік айыптұраққа қойылды», – дейді Мұнайлы аудандық полиция бөлімі бастығының орынбасары Батырхан Сындаров

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: