Астана қаласында 101 және 112 қызметтері біріктірілді. Бұл жүйе алдағы уақытта еліміздің барлық өңірінде кезең-кезеңімен енгізіледі, деп хабарлайды Egemen.kz.
Жаңартылған жоспарлау және жедел басқару орталығы қоңырау шалған әр адамның нақты орнын анықтап, өтінішке жедел әрі кәсіби жауап беруге мүмкіндік береді.
«Біз бірыңғай әрі заманауи ден қою жүйесін қалыптастырып жатырмыз. Бірінші Астана қаласында, кейін бұл модель еліміздің барлық өңірлерінде енгізілетін болады. Біздің міндетіміз адамның қай жерде екеніне қарамастан, әрбір қоңырауға жедел әрі кәсіби жауап беру», деді ТЖ министрі Шыңғыс Әрінов.
Айта кетейік, «112» диспетчерлері елорда тұрғындарынан шамамен 750 мың қоңырау қабылдайды.
Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!
