Жексенбі, 15 наурыз, 08:58

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№19 (2231)
14.03.2026
PDF мұрағаты

105 жастағы майдангер референдумда бірінші болып өз таңдауын жасады

15.03.2026

77 0

Фото: Сырдария ауданы

Бүгін еліміз бойынша республикалық референдум өтуде. Маңызды саяси науқанда учаскеге алғаш болып келген 105 жастағы майдангер өз таңдауын жасады.

105 жастағы майдангер референдумда бірінші болып өз таңдауын жасады


Сырдария ауданында тұратын Ұлы Отан соғысының ардагері Яхия Тасыров референдум күні алғашқылардың бірі ретінде өз учаскесінде бюллетень алып, дауыс берді. Қария бұл күннің маңыздылығын атап өтіп, комиссия мүшелеріне ақ батасын берді.
Майдангер ел тарихындағы әрбір сайлау және референдум науқандарынан тыс қалған емес. Әрбір адам мемлекет үшін маңызды істе үнсіз қалмауы керек деп санайтын дауыс беруші комиссия мүшелерінің жұмысына сәттілік тіледі.
Айта кетейік, өңірде 492 524 азамат дауыс беруге құқылы. Түскі 12.00-ге дейін азаматтар үйден дауыс беруге өтініш қалдыра алады. Ал, кешкі 20.00-ге дейін өз аумағындағы учаскелерге келіп дауыс бере алады.

105 жастағы майдангер референдумда бірінші болып өз таңдауын жасады

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: