Дүйсенбі, 08 шiлде, 23:32

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№53-2063
06.07.2024
PDF мұрағаты

12 ауылға газ беріледі

12.09.2023

211 0

Мемлекет басшысының қолдауымен өткен жылы Қызылорда облысында 6 ауылға «көгілдір отын» жеткізіліп, халықты газдандыру деңгейі 70 пайыз болғаны баршаға мәлім.

Бұл игі іс биыл да жалғасын таппақшы. Нақтырақ айтқанда, 12 ауыл газға қосылады. Сонда халықты табиғи отынмен қамту деңгейі 75 пайызға жетеді дейді мамандар. Нәтижесінде 40 мыңға жуық тұрғын табиғи газдың игілігін көреді.

Облыс әкімдігінің баспасөз қызметі таратқан ақпаратқа сүйенсек, 2024-2026 жылға арналған республикалық бюджетті қалыптастыру кезінде 18 газдандыру жобасын қаржыландыруға 10,2 млрд теңгенің бюджеттік өтінімі ұсынылды. Мұнан бөлек, 2024 жылға тағы 2 жобаны қаржыландыруға 0,9 млрд теңгеге бюджеттік өтінім әзірленді. Барлығы 20 жоба дайындалып, 11,1 млрд теңгенің бюджеттік өтінімі тиісті министрлікке жолданды.

«Ақмешіт-ақпарат»

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: