Сәрсенбі, 27 қараша, 20:31

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№94-2104
26.11.2024
PDF мұрағаты

13,3 мың гектар жерге сексеуіл тұқымы себілмек

01.09.2021

1057 0

Облыс аумағында мемлекеттік орман қоры жерлерінің жалпы көлемі 6,5 млн гектарды құраса, оның 3,4 млн гектары орманды алқаптар болып табылады. Орманды алқаптың 89 пайызын негізгі орман құраушы сексеуіл ағаштары алып жатыр. Бұл туралы бүгін Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз конференциясында облыстық табиғи ресурстар мен табиғат пайдалануды реттеу басқармасының басшысы Бауыржан Шаменов мәлімдеді.

Бүгінде жоспарланған көлемнің 1000 гектар аумағына сексеуіл отырғызылса, қалған 13,3 мың гектар жерге күз айында сексеуіл тұқымдары себілетін болады.

Сондай-ақ, осыдан 2 жыл бұрын зақымдалған 12 мың гектар сексеуіл алқабына республикалық бюджет есебінен химиялық залалсыздандыру жұмыстары жүргізілді.

«Жойылып бара жатқан Арал теңізінің мәселесі біздің өңірге ғана емес, бүкіл әлемге қатер төндіруде. Арал теңізінің құрғаған ұлтаны аумағы 4,5 млн гектар болса, оның 2,2 млн гектары Қазақстан бөлігінде. Арал теңізінің құрғаған ұлтанында ұшқан теңіз бен құмды тоқтатудың бір ғана нәтижелі жолы бар. Ол – фитоорманмелиорация, яғни теңіз ұлтанына агротехникалық талаптарды орындау арқылы суарусыз және тұздалған топыраққа бейім галофитті өсімдіктерді сексеуіл, сарысазан, қарабарақ, жыңғыл отырғызу. Атап өту керек, бір түп сексеуіл 4 тонна көшкін құмды тоқтатуға ықпал жасайды. Мамандардың бақылауы бойынша бір жылдық сексеуіл екпесі жел жылдамдығын 20,5 пайызға, екі жылдығы 34,6 пайызға, ал 5 жылдық екпе 87,4 пайызға төмендетеді», – деді Бауыржан Серікұлы.

Жалпы егемендік алған уақыттан бастап теңіздің құрғаған ұлтанының 195 мың гектарына сексеуіл және басқа да галафитті өсімдіктер көшеттерін егу жұмыстары жүргізілді. Бұл учаскелердегі екпелер қазіргі уақытта табиғи өсіп 395 мың гектарға көбейген.

Айта кету керек, соңғы 3 жылда Министрлік қолдауымен Оңтүстік Корея Республикасының қайтарымсыз қаржысы есебінен Арал теңізінің құрғаған ұлтанында 13,3 мың га жерге 5 млн сексеуіл ағаштары отырғызылды.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: