Бейсенбі, 06 наурыз, 05:03

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№17, 2130
04.03.2025
PDF мұрағаты

13 наурыздан бастап жол ережесіне қандай өзгерістер енеді?

05.03.2025

100 0

Фото: Нұрболат Нұржаубай

Әкімшілік кодекске енгізілген түзетулер 13 наурыздан бастап күшіне енеді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Жол ережесін бұзғаны үшін кейбір айыппұлдар көбейсе, кейбірі, керісінше, жаза жеңілдетіледі. Әкімшілік кодексте жаңа баптар да қосылмақ. Мысалы көліктің салонынан тыс, терезеден бас шығарып, сыртында тұрғандарға жаза беріледі.

Терезеден басын шығарып, көлік жүргізіп жатқанда есікті ашу немесе жүк көлігінің артына мінгені үшін шамамен 40 мың теңге төлеуге тура келеді. Оның үстіне жүргізушілердің де, жолаушылардың өздері де жазаланады.

Енді мүмкіндігі шектеулі жүргізушілерге қарсы жолаққа шығып кеткені үшін де айыппұл салынады. Бұрын мұндай жауапкершілік болмаған еді.

Темір жол өткелінен өту ережесін бұзғаны үшін айыппұл екі есе, ал жедел жәрдем мен полиция көлігіне жол бермегені үшін үш есе көбейтіледі.

Адам шығыны жоқ жол апаты үшін жаза, керісінше, жеңілдетіледі. Жүргізушілерді 6 айға куәлігінен айырудың орнына енді 78 мың теңгеге дейін айыппұл күтіп тұр.

Тұрақ үшін ақша төлемегені үшін айыппұл да 4 мың теңгеге дейін төмендейді. Қазір мұндай құқықбұзушылық үшін 3 АЕК 11 мыңнан астам ақша төлеуге тура келеді.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: