Бейсенбі, 23 қаңтар, 19:36

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№5,2118
21.01.2025
PDF мұрағаты

«13 жыл емделдім»: Елдос Колобок сүйінші жаңалығын жариялады

23.01.2025

142 0

Фото: жеке парақшадан алынды

Танымал блогер Елдос Кәдірханов өзіне қойылған ауыр диагноздан арылғанын айтты. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Желі жұлдызы перзент сүйе алмай жүргенін айтқан болатын. 

“Осы туған күніме жеке дәрігерімді шақырдым. Біз шетелге қыдырып бармаймыз. Ем алып, ота жасаймыз. Тек халыққа оны көрсетпейміз. Соңғы ота Астанада жасалды. Ұйқыдан оянғанда дәрігерім: “Елдос, балалы бола аласыз” деді. Міне, басты жаңалығым осы. Қанша жыл осы жауапты күттім. Енді тек дұғада болыңыздар! Алла қаласа тағы да сүйінші сұраймын. Қаншама нәтижесіз ота өткіздім. Қаншама дәрі іштім. 13 жыл емделдім. Нәтиже болмады. Мен осыны айтудан ұялмаймын. Себебі қаншама жігіттер бар дертіне ем таппай жүрген. Ұрпақ сүйсем ғой деп жүрген қаншама отбасы бар. Баласы барлар бізді түсінбейді. Әйелім екеуміз дәрігерлер атынан алғыс айтамын. Олар өшіп бара жатқан үмітті лаулатып, жағып берді”, – деп жан сырын ақтарды блогер. 

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: