Сенбі, 15 қараша, 16:08

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№87, (2199)
15.11.2025
PDF мұрағаты

15 қараша – Ұлттық валюта күні

15.11.2025

48 0

15 қараша – Ұлттық валюта күні және қаржы саласы қызметкерлерінің кәсіби мерекесі. Бұл күн – тәуелсіз еліміздің қаржы жүйесінің қалыптасу тарихындағы ерекше белес, экономикалық дербестіктің жарқын көрінісі. Осы атаулы датаға орай Өңірлік коммуникациялар қызметінің ақпарат алаңында Қызылорда облысының экономика және қаржы басқармасының басшысы Сәкен Мырзабек өңірдің қаржылық ахуалы мен экономикалық дамуы туралы баяндады.

Басқарма басшысының айтуынша, биылғы жылы Қызылорда облысының жалпы бюджет көлемі 855,8 млрд теңгені құрап отыр. Өңір экономикасының негізгі көрсеткіштері жыл басынан бері тұрақты өсімге ие болып, дамудың оң динамикасын көрсетуде.

«Жыл сайын өңір экономикасын әртараптандыруға және халықтың өмір сүру сапасын жақсартуға бағытталған жаңа жобаларымыз қарқынды жүзеге асуда. Биыл жалпы өңірлік өнім көлемі 3 трлн 100 млрд теңгеге жетті. Негізгі макроэкономикалық көрсеткіштердің барлығында өсім бар. Жыл соңына дейін осы қарқынды сақтап, жалпы өңірлік өнім көлемін 3,7 трлн теңгеге жеткізуді жоспарлап отырмыз. Аймақ бюджеті 247 пайызға өсті, оның 56 пайызы әлеуметтік салаға бағытталды. Даму бюджетінің көлемі 4,4 есеге ұлғайды. Өңірдің өзекті мәселелерін шешуге және тұрғындардың әл-ауқатын арттыруға арналған бастамалар алдағы уақытта да жалғасын табады», — деді Сәкен Салхадинұлы.

Спикердің мәлімдеуінше Қызылорда облысының әлеуметтік-экономикалық дамуы соңғы жылдары жаңа серпін алып, инвестициялық белсенділік артып келеді. Инфрақұрылымдық жобалар, әлеуметтік салаға құйылған қомақты қаржы және өндірістік әлеуеттің артуы өңірдің тұрақты дамуын қамтамасыз етуде.

Ұлттық валютамыз – теңге күні қарсаңында БАҚ өкілдеріне ұсынылған ақпарат ел экономикасы мен өңірдің даму бағытын көрсетті. Қаржы жүйесіндегі тұрақтылық – елдің әлеуметтік әл-ауқаты мен болашаққа деген нық сенімінің кепілі.

Қызылорда облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: