Атырауда жасөспірім бесінші қабаттың терезесінен секіріп кетіп, алған жарақатынан сол жерде көз жұмды, деп хабарлайды Zakon.kz.
Қайғылы оқиға 28 шілде күні сағат 06:30 шамасында болған.
Полиция тергеу мүддесі үшін егжей-тегжейлерді ашпай отыр.
«2009 жылы туған жасөспірімнің өз-өзіне қол жұмсауы бойынша қылмыстық іс қозғалды, жан-жақты тергеу жүргізілуде. Тергеу мүддесі үшін басқа мәліметтер жариялауға жатпайды», – деп хабарлады полиция.
Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!