Италия полициясы елдің оңтүстігіндегі Калабрияда Катанзаро провинциясында ауруханада 15 жыл бойы жұмысқа келмеген, бірақ жалақы алып жүрген қызметкергее қатысты тергеу жүргізуде.
Әзірге аты мен мамандығы жарияланбаған ер адам ауруханаға 2005 жылы орналасып, сол жылдан бастап жұмысқа келмеген. Оның осы жылдардағы алған жалақысы 538 мың еуроны құрады. Оның мемлекеттік қызметкер болғаны белгілі, демек, оған оған ел бюджетінен ақша төленген.
Басшысы қызметкерді тәртіптік жазаға тартқысы келген, алайда қызметкер басшысына қорқытып-үркітіп келгені анықталды. Көп ұзамай менеджер жұмыстан кетеді, ал оның орнына келген басшы жұмысшылар тізімі мен қызметкерлердің нақты саны арасындағы сәйкессіздікті байқамаған. Аурухананың кадр бөлімі де бұған да мән бермегенін айтты.
Ер адамға «Алаяқтық, бопсалау және қызмет бабын асыра пайдалану» бабы бойынша айыптары тағылды. Аурухананың алты менеджеріне де тергеу амалдары жүргізілуде. Олар қылмыстық схема туралы біледі деп күдіктенеді. Олардың барлығы бақылауда. Іс полицияның Италияның бюджеттік сала қызметкерлеріне қатысты жүргізген үлкен тергеуінің аясында шешілді.
Бұған ұқсас қылмыстар елде сирек кездеседі. Алайда полиция 15 жылға жалғасқан мұндай ауқымды алаяқтықты енді ғана көргенін айтып отыр.
Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!