Дүйсенбі, 23 желтоқсан, 22:26

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№100 (2110)
21.12.2024
PDF мұрағаты

16 қаңтарға арналған жұлдыз-жорамал

16.01.2023

1388 0

Жұлдыз жорамалы бойынша сізді не күтіп тұрғанын біліңіз. Біздің жұлдыз жорамалымызға сүйене отырып, сіз жұмыс жоспарыңызды тиімдірек құра аласыз, жеке қарым-қатынастарыңызды дамыта аласыз және күнделікті денсаулығыңызды бақылай аласыз.

Жұлдыз жорамал: Тоқтыларды бүгін не күтіп тұр? Аяқ асты жарықтың сөнуіне дайын болу үшін үйіңізде майшам мен шамдар бар-жоғын тексеріңіз. Сізге олар күтпеген кезде қажет болуы мүмкін. Өзіңізге сеніңіз, өйткені бұл сіз қалаған нәрсеге қол жеткізудің жалғыз жолы. Көңіл-күйіңізді түсіретін жағдай болуы мүмкін. Бұған жол бермеу үшін көбірек сөйлесіңіз, әлеуметтік шараларға қатысыңыз.

Жұлдыз жорамал: Торпақтарды бүгін не күтіп тұр? Бұл қарым-қатынас құруға арналған ең жақсы уақыт. Сіз бәріне сабырмен қарап, маңызды мәселелерді талқылай аласыз. Егер олар көмек сұраса, бас тартпаңыз. Жаңа достарыңызға жағымды әсер қалдырасыз. Көп нәрсені түсініп, ретке келтіру мүмкіндігі пайда болады. Өзіңізге сенімді және сабырлы болыңыз, жаңа бизнес бастаңыз, ауқымды жобаларды қолға алыңыз.

Жұлдыз жорамал: Егіздерді бүгін не күтіп тұр? Біз зодиак белгісінің нәзік жанды өкілдеріне күтім мен сәндік косметиканы қайта қарауға кеңес береміз: сіз өзіңізге сәйкес келмеу себебінен пайдаланбайтын көптеген өнімді жинаған болуыңыз мүкін. Достармен қарым-қатынаста шекараңызды сыпайы түрде қорғаудан қорықпаңыз: бұл сіздің қарым-қатынасыңызды нығайтып, сеніміңізді күшейтеді.

Жұлдыз жорамал: Шаяндарды бүгін не күтіп тұр? Отбасы мен балаларға берген уәделеріңізді ертерек орындаңыз, бұл үшін сізде тамаша мүмкіндік бар. Бүгін сіз сәтті сауда жасайсыз немесе ақшаны еселеудің тиімді жолын табасыз, бұл мүмкіндікті пайдаланыңыз. Түстен кейін сізді жақсы жаңалық күтіп тұр.

Жұлдыз жорамал: Арыстандарды бүгін не күтіп тұр? Маусымдық тағамдардан дәм татып көріңіз. Бұл өміріңізді қызықты ете түсуге септік болады. Компьютерде Pomodoro жүйесін пайдаланып жұмыс істеп көріңіз, ол өнімділігіңізді айтарлықтай арттыруы мүмкін.

Жұлдыз жорамал: Бикештерді бүгін не күтіп тұр? Үй жануарын сатып алуды ойлап жүрсеңіз, ойыңызды бүгін жүзеге асырсаңыз болады. Қалауыңызды орындауға оңтайлы күн болмақ. Жеке қарым-қатынасқа келгенде, түйсігіңізге сүйеніңіз. Екінші жартыңызға агрессия көрсетпеу керек.

Жұлдыз жорамал: Таразыларды бүгін не күтіп тұр? Кездейсоқ романтикалық сапарға немесе кездесуге барыңыз: бұл сізге ұмытылмас эмоциялар сыйлайды. Айналаңыздағы адамдарға назарыңыз ауған сайын жұмысыңыз тұралап, қателіктерге бой алдырасыз. Тәртіпке ұмтылыңыз. Жоспарланған кездесулерден бас тартқаныңыз абзал.

Жұлдыз жорамал: Сарышаяндарды бүгін не күтіп тұр? Косметика дүкеніндегі кеңесшіден көмек сұраудан тартынбаңыз: сіз үшін ең жақсы өнімді табу – оның жұмысы. Ал сіз сұлулығыңызды арттыратын өнімге тек риза боласыз. Кешке компьютер мен смартфоннан өзіңізді аулақ ұстап, демалуды ұмытпаңыз. Ұйықтар алдында шөп шай ішіңіз.

Жұлдыз жорамал: Мергендерді бүгін не күтіп тұр? Қаржылық мәселелермен айналысыңыз. Егер сізге қызықты ұсыныс түссе, оны қабылдаңыз. Денсаулығыңызда еш кінәрат жоқ, сарқылмас энергияңызды жұмыс күніндегі басты мақсатқа бағыттаңыз.

Жұлдыз жорамал: Тауешкілерді бүгін не күтіп тұр? Бақыт тыныштықты жақсы көреді, сондықтан жеке өміріңізге қатысты сырыңызды ешкімге бөліспегеніңіз жөн, әсіресе бүгін. Жел тигізіп алмауға тырысыңыз және еденде жалаң аяқ жүрмеңіз: суық тию қаупі бар.

Жұлдыз жорамал: Суқұйғыштарды бүгін не күтіп тұр? Сәттілік серігіңіз болмақ. Достар қуана-қуана сізге көмектеседі. Олардың бірі күтпеген жерден сыйлық жасайды. Кенже балаларыңызға қарау жауапкершілігін үлкен балаларыңызға жүктемеңіз. Себебі осы арқылы балалардың өзара қарым-қатынасы бұзылуы мүмкін.

Жұлдыз жорамал: Балықтарды бүгін не күтіп тұр? Балаларыңызға қатысты сабырлы, ұстамды әрі шынайы болуға тырысыңыз. Олардың пікірі немесе ойы сізге ұнамай жатса да, қолдаңыз. Қолдауыңыз олар үшін өте қажет. Күн жағымды сәттерге толы болмақ. Егер сіз шағын мереке ұйымдастыруды жоспарласаңыз, достарыңызға қоңырау шалыңыз.

 https://kaz.nur.kz/kaleidoscope/2005220-bugingi-zuldyz-zoramal-16-qantar-kuni-sizdi-ne-kutip-tur/

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: