Жұма, 31 қаңтар, 12:44

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№ 7, 2120
28.01.2025
PDF мұрағаты

16 жасқа дейінгі балалардың әлеуметтік желілерге кіруіне тыйым салынады

31.01.2025

73 0

Фото: freepik.com

Түркия билігі биыл 16 жасқа толмаған балалардың әлеуметтік желіні пайдалануына тыйым салатын заң қабылдауды жоспарлап отыр. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлады.

Түркияның көлік және инфрақұрылым министрі Абдулкадир Оралоглу балалардың ең осал топ екенін және ерекше көңіл бөлуді қажет ететінін баса айтты. 

«Әлемде 13 және 16 жас шектеулері қарастырылады. Біз 16 жасқа толмаған балаларымыздың әлеуметтік желілерге кіре алмағанын қалаймыз. 2025 жылы бізде тиісті заң қабылдау жоспарда бар. Сондай-ақ ойын платформаларын реттейміз, бірақ пайдалы ойындарға тыйым саламыз деген сөз емес», – деді ол.

Енді балалар әлеуметтік желіде аккаунттар аша алмайды.

«Кейбір елдерде ата-ананың рұқсатымен тіркеуге болады, бірақ біз бұл тәжірибені қолдамаймыз. 16 жасқа толмағандардың әлеуметтік желілерге кіруіне толық тыйым салғымыз келеді», – деп түсіндірді министр.

Уралоглуелдегі Roblox онлайн ойыны мен Discord қолданбасының бұғатталуына қатысты пікір білдірді.

«Ойын платформаларының Түркияда ресми өкілдері болған жоқ, бірақ біз салған сот санкцияларынан кейін олар бізбен байланысқа шықты. Платформада пайдалы контент болса да, әзірлеушілер зиянды контентті жоюы керек, содан кейін біз олардың жұмысын қайта бастау мүмкіндігін қарастыра аламыз», – деді ол.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: