Жексенбі, 15 наурыз, 20:10

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№19 (2231)
14.03.2026
PDF мұрағаты

18 жасқа толған аралдық туған күнінде дауыс берді

15.03.2026

40 0

Фото: Өңірлік Коммуникациялар Қызметі

Бүгін 18 жасқа толған Шынтаев Арнұр өзінің алғашқы азаматтық таңдауын жасады. Сайлау учаскесіне алғаш рет келген жас сайлаушы ел өміріндегі маңызды қоғамдық-саяси оқиғаға қатысып, өз дауысын берді.

Референдум күні аудан бойынша көптеген жас тұрғындар сайлау учаскелеріне келіп, дауыс беру рәсіміне жауапкершілікпен қарауда. Алғаш рет дауыс берген жастар үшін бұл күн ерекше есте қаларлық сәтке айналды. Олар өз құқықтарын пайдаланып, ел болашағына қатысты маңызды шешім қабылдауға үлес қосты.

– Бүгін мен үшін ерекше күн. Себебі бүгін мен алғаш рет дауыс беріп қана қоймай, туған күнім де осы күнмен тұспа-тұс келді. Сондықтан бұл сәт менің өмірімде екі есе маңызды болып отыр.

Еліміздің болашағына қатысты өз таңдауымды жасап, азаматтық борышымды орындағаныма қуаныштымын. Бұл күн мен үшін ұмытылмас сәт болып қалатынына сенімдімін, – деді жас сайлаушы А. Шынтаев.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: