Бейсенбі, 26 желтоқсан, 23:45

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№101 (2111)
24.12.2024
PDF мұрағаты

18 жастағы жігіт әкесінің көлігімен мектеп оқушысын қағып кеткен

12.11.2023

845 0

Фото: gorvesti.ru

Абай облысында жасөспірімді көлік қағып кетті, қыз тұрақты ауыр жағдайда жатыр, – деп хабарлайды Massaget.kz.

Қайғылы оқиға туралы әлеуметтік желіде тараған видеодан кейін белгілі болды. Онда әйел оқиға қалай болғанын айтып береді.

«Жүргізуші – 18 жастағы жігіт, әкесінің көлігін ұрлап кеткен. Сағат 7-де күн қараңғы болады. Ол жерде 4 бала болған, бірақ менің балам шетте келе жатқан. Ол оны жылдамдықпен келе жатып қаққан. Соққыдан ол көліктің үстінен ұшып кеткен. Қазір бірінші ота жасады, жағдайы ауыр. Әкесі кілтті бермегенін айтады, онда бұл бала рұқсатсыз рөлге отырған. Ол қазір үйінде. Мен Борасқа бардым, ол жігітті қамауға алу үшін арыз жаздым. Маған департамент мұны көргені керек», – делінген видеода.

Видеодағы әйел істі жария етуді сұрайды.

«Бесқарағай ауданында Семей-Долон-Қоянбай тасжолының 162/22 шақырымында жол-көлік оқиғасы болып, 18 жастағы жүргізуші рөлді басқара алмай, 15 жастағы жасөспірімді қағып кетті. Ол түрлі жарақаттармен ауруханаға жеткізілді. Дәл осы күні Бесқарай аудандық полиция бөлімі Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 345-бабы 2-бөлігі – «Абайсызда денсаулығына ауыр зиян келтіруге әкеп соққан көлік құралдарын басқаратын адамдардың жол жүрісі немесе көлік құралдарын пайдалану қағидаларын бұзуы» бойынша соталды тергеу амалдарын бастады. Сараптама тағайындалды, соталды тергеп-тексеруді жан-жақты қарауды қамтамасыз етуге бағытталған қажетті тергеу әрекеттері жүргізіліп жатыр»,  – деп хабарлады Абай облыстық Полиция департаментінің баспасөз қызметі.

Полицейлер тергеу барысы Абай облысы Полиция департаменті басшылығының ерекше бақылауында екенін түсіндірді. Қылмыстық іс жүргізу кодексінің 201-бабы 1-бөлігіне сәйкес соталды тергеп-тексерудің өзге де деректері жария етілуге ​​жатпайды.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: