Қазгидромет 5 маусымға арналған ауа райы болжамын жариялады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Қазақстан территориясының басым бөлігінде атмосфералық фронталды бөліктердің өтуімен құбылмалы ауа райы сақталады. Кей жерлерде найзағаймен жаңбыр жауады, бұршақ жаууы ықтимал, республиканың шығысында түнде кей жерлерінде қатты жауын-шашын жауады (жаңбыр қарға ұласады). Республиканың кей жерлерінде желдің күшеюі, дауыл, шаңды дауыл, солтүстік және шығыста тұман күтіледі.
Түнде Қызылорда облысының кей жерлерінде, күндіз басым бөлігінде жел 15-20 м/с, кундіз екпіні 25 м/с күшейеді, кей жерлерде шаңды дауыл болады. Түркістан облысының кей жерлерінде дауыл, шаңды дауыл күтіледі, жел 15-20, күндіз екпіні 23-28 м/с күшейеді. Шығыс Қазақстан, Қарағанды, Павлодар облыстарының кей жерлерінде дауыл күтіліп, жел 15-20, күндіз екпіні 23-28 м/с күшейеді, Шығыс Қазақстан облысында тұман болады, Шығыс Қазақстан, Қарағанды облыстарында бұршақ жаууы ықтимал. Алматы облысында найзағай кезінде жел 15-20, екпіні 23-28 м/с күшейеді, кей жерлерде бұршақ жаууы ықтимал. Маңғыстау облысының кей жерлерде шаңды дауыл күтіледі, жел 15-20 м/с күшейеді, бұршақ жаууы ықтимал. Ақтөбе, Қостанай, түнде Ақмола облыстарында тұман күтіледі.
Күндіз Қызылорда, Жамбыл, Алматы облыстарының басым бөлігінде, Түркістан облысының кей жерлерінде қатты ыстық сақталады.
Ақмола, Қостанай, Солтүстік Қазақстан, Павлодар, Қарағанды облыстарының кей жерлерінде, Шығыс Қазақстан облысының солтүстік шығысында түнде 2 градус үсік күтіледі.
Қызылорда, Жамбыл, Ақтөбе, Қарағанды, Алматы, Атырау облыстарында, Шығыс Қазақстан, Түркістан, Қостанай, Павлодар, Ақмола облыстарының кей жерлерінде өте жоғары өрт қаупі сақталады.
Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!