Бейсенбі, 26 желтоқсан, 11:21

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№101 (2111)
24.12.2024
PDF мұрағаты

2 жасар бала сірке қышқылын ішіп қойған

28.07.2023

528 0

Шымкенттік дәрігерлер сірке қышқылын ішіп қойған сәбиді аман алып қалды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Оқиға 11 шілде күні болған. Жедел жәрдем қызметімен улы сұйықтық ішіп қойған 2 жасар бала ауыр халде Т. Орынбаев атындағы гипербариялық оксигенация орталығына жеткізілген.

Ата-анасының айтуынша, үлкендердің қарауынсыз қалған сәби үй ауласында ойнап жүріп, абайсызда сірке қышқылын ішіп қойған.

«Ауыр халде ауруханаға жеткізілген баланың ауыз қуысы толықтай күйіп қалғандықтан, жасанды тыныс алу аппаратына қосылды. Дәрігерлер бүлдіршінге шұғыл көмек көрсетіп, сәбидің өмірін сақтап қалды. Қазіргі уақытта оның жағдайы қанағаттанарлық. Бала қазіргі уақытта өздігінен тамақтана алады» – делінген Шымкент қаласы денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі таратқан ақпаратта.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: