Жексенбі, 22 желтоқсан, 10:02

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№100 (2110)
21.12.2024
PDF мұрағаты

2022 жыл қандай болмақ?

01.01.2022

1621 0

Жаңа жыл – армандап, жоспарлар құратын уақыт. Осы мезгілде барлық адам алдағы жылға мақсат қойып, тілек тілейді. Олардың жүзеге асуы үшін жасалатын іс-әрекеттің тізімін құрады. Сол арқылы жаңа жылды жаңа бастамамен, өзгеріспен бастауды қолға алады. Біз де оқырман қауымның арман-тілектерінің орындалуын тілеп, жұлдыз жорамал сіздерге қандай жыл дайындап қойғанын назарыңызға ұсынуды жөн көрдік. Әр нәрсенің орындалуы адамның өз қолында екеніне шүбә келтірмейміз. Дегенмен осы бір болжамға көңіл бөліп, өзіңізге қажетті тұстарын түртіп алуыңызға болады.

ТОҚТЫ

Қызмет, қаржы: Биылғы жылы үйді жөндеу, құрылыс жұмыстарымен айналысуға ең тиімді болмақ. Ал қыз­мет бабына келгенде әр шешімді ойланып барып қабылдағаныңыз жөн. Асығыстықтың қажеті жоқ. Сондай-ақ көктемнің алғашқы және екінші айында, одан бөлек жыл соңында қаржылық әлеуетіңіз артады. Сол себепті осы мезгілдерде еңбек демалысына шықпағаныңыз жөн. Бар күшіңізді салып жұмыс істесеңіз, соған сай қаражатыңыз да көбейеді.

Жеке өмір: Бойдақ болсаңыз қаңтар мен наурыз айларында өзіңіздің өмірлік серігіңізді жолықтыруыңыз мүмкін. Осы уақытта жаңа адамдармен танысып, өмірлік жарыңызбен кездесуіңіз де ықтимал. Ал басы бос емес жандар мамыр айында жұбымен ең ерекше уақыттарды бастан кешеді. Жаз алдында ара-қатынастарыңыз оң өзгеріске ұшырап, сезім күші арта түспек. Ал маусым мен тамыз аралығында отау құрып немесе сүйген адамыңызбен мәмілеге келсеңіз болады.

Денсаулық: Ауырып ем іздегенше, ауырмайтын жол іздеңіз. Уақытылы медициналық тексерістен өткеніңіз дұрыс. Ал жаз айларында тұмау мен суық тиюден аса сақ болыңыз. Суық жерде көп отырмай, салқын суға түспеңіз. Қыркүйек айларында экстрималды заттардан бас тартыңыз. Сіз өзіңіздің күшті екеніңізді әлі дәлелдеп үлгересіз.

ТОРПАҚ

Қызмет, қаржы: 2022 жылды жаңа білім алуға, өзіңізді дамытуға арнасаңыз жұлдыздар сізге міндетті түрде көмектеседі. Бастысы, бар күшіңізді жинап, уақытты күтпей бастаған жөн. Іс-әрекетсіз өміріңіз өзгермейді. Ал дамуды қолға алсаңыз «тау қопаратын» күнге де жетесіз. Жылдың бірінші тоқсанында жылжымайтын мүлікке қатысты әрекеттерді тоқтата тұр­ғаныңыз абзал. Өйткені алаяқтардың арбауына түсіп немесе дұрыс келісім-шарт жасамауыңыз мүмкін.

Жеке өмір: Бұл жылы жеке өміріңіз бірқалыпты, аса бір үлкен мәселесіз өтеді. Ал кішкентай кикілжіңдерді жүрекке жақын қабылдамағаныңыз жөн. Жылдың екінші жарты­сында екінші жартыңызбен жаңа бір кезеңге өтіп, махаббат оты күшейеді. Өз адамын кездес­тірмегендер үшін осы уақы таптырмас мүмкіндік.

Денсаулық: Осы жылы денсаулығыңызға айтарлықтай қауіп жоқ. Дегенмен босаңсып, тым еркін жүруге болмайды. Денсаулығыңызға салғырт қарасаңыз физикалық аурулар мазаңызды алуы мүмкін. Әсіресе шілде айларында өкпе мен тыныс алу жолдарын сақтаған абзал. Бастысы, бұл тек болжам екенін, сақтансаңыз сақтайтынын назарда ұстаңыз.

ЕГІЗДЕР

Қызмет, қаржы: Айналада орын алатын оқиғаларға қарамастан бұл жыл қаржылық тұрғыда сізге тиімді болмақ. Кішкене күш салсаңыз мол ақшаға кенелесіз. Алайда ақшаның көбейгеніне қарамастан азырақ жұм­сап, үнемдеуге тырысыңыз. Сол кезде сіздің жеке экономикаңыз жоғары деңгейде сақталады. Сонымен қатар жыл ортасында қызмет ауыстырып, күйбең тір­шіліктен алыстағыңыз келеді. Бірақ мұндай жағдайда сабыр сақтағаныңыз дұрыс. Себебі дәл осы салада жұлдызыңыз жанып, білікті маман атанатын күн алыс емес.

Жеке өмір: Барыс жылында жеке басыңызға қатысты жағдайлар сізден алыс болады деуге келмейді. Әсіресе жылдың басында бір адамға деген қарым-қатынасыңыз оң өзгеріске ұшырауы мүмкін. Мейлі ол сіздің сүйген адамыңыз, досыңыз, тіпті ескі танысыңыз болса да. Ал отбасылы жандар көбіне сүйген жары мен балаларына көңіл бөлген абзал. Себебі олар сізбен уақытты көбірек өткізгісі келеді. Дәл осы жылы отбасылық жиындарды, демалыстарды арттырған дұрыс.

Денсаулық: Жыл басы сіз үшін оңтайлы болғанмен, көктемге денсаулыққа көңіл бөлген жөн. Әсіресе тұмау секілді қарапайым ауру кезінде өзіңіз емделмей, маманның көмегіне жүгінгеніңіз дұрыс. Жылдың екінші жартысында күйзеліс пен шаршап-шалдығу белгілері байқалады. Сол уақытта демалыс алып, жаныңызды тыныштандырсаңыз дұрыс болады.

ШАЯН

Қызмет, қаржы: Жұмыс орныңызды ауыстырғыңыз-ақ келеді. Бірақ бұл шешімді жылдың екінші жартысына жылжытқан дұрыс. Барлық қиындыққа шыдап, қыз­метіңізді дұрыс істесеңіз болғаны. Өйткені жаз басында-ақ мұның бәрі артта қалып, барлығы өз орнына тұрақтайды. Ал өз бизнесін дамытқысы келетін, басын бастап қойғандар үшін биылғы жыл ең оңтайлы уақыт.

Жеке өмір: Жеке басыңызға қатысты мәселелерді шешуге жыл басынан-ақ кіріссеңіз болады. Әсіресе наурыз айында жұбыңызбен қарым-қатынасыңыз жақсарып, өмірлік серігіңізді кездестіретін уақыт болмақ. Бастысы алғашқы қадамды өзіңіз жасаңыз. Ал достық қатынастағы жаңа таныстықтарға әзірге кіріспегеніңіз жөн. Ол адам сіз ойлағандай болмауы мүмкін.

Денсаулық: Алғашқы төрт айда суық тию мен жөтел секілді мәселелер туындауы мүмкін. Оларға назар аудармасаңыз, күшейіп кетуі ықтимал. Сондай-ақ кей ауырсынуды тым жаман қабылдап, өз-өзіңізге диагноз қоятын жағдай көп болады. Ондай кезде күйзеліске берілмей, жаныңызға жай тауып, демалған дұрыс.

АРЫСТАН

Қызмет, қаржы: Қанша жерден құнды әрі ақылды кеңес берсе де аса бір назар аудармаңыз. Біреуге сенім артып, кейін алданып қалуыңыз мүмкін. Барлық адамға сенбей жүруге болмайды, алайда әр айтқан кеңесті ойланып барып қабылдаған абзал. Сонымен қатар екін­ші жарты­жыл­дық­та несие алмағаныңыз дұрыс. Себебі кейін сіз ойлаған­нан да көбірек қай­таруыңыз мүмкін. Ал үй мен мүлікке келгенде биыл жолыңыз болмақ. Сол үшін жылжымайтын мүлікке қатысты саудаларды жүргізуіңізге болады.

Жеке өмір: Егер сіз қазір бойдақ болсаңыз, биыл жеке қарым-қатынас үшін біреуді кездестіруіңіз мүмкін. Оның үстіне бұл адам сіз үшін өте тартымды және қызықты болмақ. Барлығы өз еркіңізде, бірақ кейде жақын адамдарыңыздың сөзін тыңдау пайдалы. Жылдың бірінші жартысында сіз ғашық болып, өз адамыңызды кездестіруіңіз мүмкін.

Денсаулық: Қаупі жоғары іс-әрекеттен алшақ болыңыз. Себебі ол сіздің денсаулығыңызға едәуір зиян келтіруі ғажап емес. Бірақ сақ болып жүрсеңіз мұның бірі де болмайды. Наурыз бен сәуірде өзіңізді нашар сезінуіңіз ықтимал. Бұл әрине сіз осы кезеңде міндетті түрде вирусты жұқтырасыз дегенді емес, мұндай қауіптің артып келе жатқанын білдіреді. Бірақ оның болуы-болмауы тек сізге байланысты.

БИКЕШ

Қызмет, қаржы: 2022 жыл шығармашылықпен айналысатын бикеш белгісінің өкілдерін қуантады. Бұл сіздің негізгі салаңыз немесе бос уақытыңыздағы ермегіңіз болуы маңызды емес. Жыл ішінде сіз шығармашылық жобаларыңызбен ерекше табысқа жетесіз. Сондықтан музаның келуін күтпей, жұмысқа кірісіңіз. Сәуір айы кей маңызды келіс бен мәміле үшін қолайлы уақыт болады. Сіз басқаларға сенім ұялатып олармен өз шарттарыңыз бойынша келіссөзге келесіз.

Жеке өмір: Бұл жыл әдеттегі сізге көптеген жағымды тәжірибе бере алады. Әсіресе ең алдымен жаңа қарым-қатынас бастағандарға немесе жұбымен сезім күші мен нәзіктікті сақтай алғандарға қатысты. Сіз өзіңіздің байланысыңызға алғашқы ұшқынды қайтару мүмкіндігіне ие боласыз. Бастысы бірқалыпты жүрмей, өзгеріс орнату керек.

Денсаулық: Сіз ештеңеден қорықпайтыныңызды және кез келген қорқынышсыз әрекетке дайын екеніңізді дәлелдеуге тырыспағаныңыз абзал. Жылдың бірінші жартысы өткенше күтіп, содан кейін ғана экстремалды спортпен айналысыңыз.

ТАРАЗЫ

Қызмет, қаржы: Осы жылы жұмыс көп күтіледі және оның алуан түрлі немесе ерекше болуы екіталай. Дегенмен оны аяқтауыңыз керек және сіз оны атқара аласыз. Бастысы, берілмеу керек. Егер сіз 2022 жылы біліктілікті арттыру курстарына қатысқыңыз келсе немесе өзіңіз үшін жаңа нәрсе үйренгіңіз келсе, мұғалімді таңдағанда абай болыңыз. Сәтсіз оқу орнын немесе сізді көбірек шатастыратын мұғалімге тап болу қаупі бар.

Жеке өмір: Сірә, бұл жыл жеке өмірінізге маңызды оқиғалар алып келмейді. Көбірек қыз­метке көңіл бөлесіз. Оң өз­геріс наурызда және жылдың соңында, қараша-жел­тоқ­санда болуы мүмкін. Бұл – жұбыңызбен қарым-қатынас­ты жақсартуға және қандай да бір се­бептермен бұзылған болса, қайта қалпына келтіру үшін ең қолайлы мезгіл.

Денсаулық: 2022 жылы бұл белгі иелеріне кей денсаулық мәселесі үшін қолайсыз болуы мүмкін. Әсіресе созылмалы ауруы, бауыр немесе тірек-қимыл аппараты ауруы бар адамдар аса сақ болған жөн. Қалай болғанда да, егер сіз өзіңізді нашар сезінсеңіз дереу дәрігермен кеңесіп, аурудың алдын алған абзал. Сол кезде сіз бұл қолайсыздықтарға тап болмайсыз.

САРЫШАЯН

Қызмет, қаржы: Сарышаяндардың мансабы үшін жылдың бірінші жартысы қауіпсіз уақыт емес. Қате шешім қабылдау қаупі бар. Бастапқыда сәтті болып көрінгенімен, кейін келеңсіздік тудыруы мүмкін. Бұған жол бермеу үшін әр шешімді мұқият ойластырыңыз немесе одан да жақсырақ шешім қабылдамас бұрын өзіңіз сенетін адаммен кеңесіңіз. Жылдың бірінші жартысы мол қаржы алып келеді. Бұл уақытқа демалыс жоспарламау керек. Көбірек тапсырма алу арқылы басшылыққа өзіңіздің мықты маман екеніңізді дәлелдей аласыз.

Жеке өмір: Дәл осы белгі иелері үшін бұл жыл жеке өмірде ең сәтті болмақ. Әсіресе ара-қатынасты дұрыстауда, жұбыңызбен жаңа кезеңге көшуде жолыңыз болады. Жаңа таныстық, отбасы құру секілді сәттер осы жылы болуы мүмкін. Соның ішінде ақпан айында айыңыз оңынан туып, асығыңыз алшысынан түспек.

Денсаулық: Алғашқы екі айда аса бір қиындық болмағанымен, көктемнен бастап денсаулыққа көңіл бөліңіз. Соның ішінде бауыр мен асқазан ауруларынан сақтанғаныңыз абзал. Сонымен қатар жол жүру ережесін де жіті сақтап, абай болғаныңыз дұрыс. Көктемнің соңғы айларында демалыс алып, тынығып алсаңыз, артық етпейді.

МЕРГЕН

Қызмет, қаржы: Кей мәселе біздің іс-әре­кеттен емес, идея­дан да туындауы мүм­­кін. Мергендер әр шешімді қа­­был­дар алдын ұзақ ойланып, са­ралап алған жөн. Сонымен қатар биыл басшылықтың назарына ілігіп, қызметте жоғарылауыңыз не­месе арнайы марапатқа ие болуыңыз мүмкін. Жаз ай­ларында жұмыста барыңызды салсаңыз міндетті түрде қаражатыңыз артады. Бірақ ол қаржы негізгі жұмысыңыздан емес қосымша табыс көзі ретінде келуі мүмкін.

Жеке өмір: Жыл басын жақындармен қарым-қатынасыңызды нығайту үшін пайдаланыңыз. Айтпақшы бұл уақыт үй ішін жақсарту үшін қолайлы. Мәселен, кішігірім жөндеу жұмыстарын жүргізу оң шешімін таппақ. Бірақ қыркүйек пен қазанда жанжалдар мен ұрыс-керістен сақтанған абзал. Оның орнын отбасымен басқосу, демалыс ұйымдастырумен алмастырғаныңыз жөн.

Денсаулық: 2022 жылы жолда мүмкіндігінше абай болу керек. Сондай-ақ әзірге кез келген экстримнан аулақ болған жөн. Әзірше өзіңізді бақылағаныңыз дұрыс, ал келесі жылы өз қорқынышыңызды жеңуге көңіл бөлуге болады. Наурыз-сәуір айында күшіңіз азаюы мүмкін, сондықтан осы уақыт ішінде демалуға тырысыңыз.

ТАУЕШКІ

Қызмет, қаржы: Биыл білім алу саласында сәттілік сенімді серігіңіз болады. Көбірек оқып, білім деңгейіңізді арттыруға көңіл бөліңіз. Соның ішінде өз хоббиыңызға немесе қызметтегі септігін тигізетін оқу курсына жазылған жөн. Ал көктемде жеке экономикаңыздың деңгейі жоғарылап, мол ақшаға кенелуіңіз мүмкін. Ол кезде бірден жұмсамай, әзірге қалтаңызда ұстай тұруға асығыңыз. Өйткені сауда жасау үшін жылдың аяғы сәтті болмақ.

Жеке өмір: Қазан айы қарым-қатынас үшін ең сәтті болады. Дәл осы айда серіктесіңізбен қарым-қатынасыңызды жақсартқаныңыз жөн. Ал басы бос жандар үшін өз жұбын кездестіру үшін жаз мезгілі оңтайлы болады. Себебі осы уақытта сіз ерекше сенімділікті сезіп, алғашқы қадамды жасауға дайын боласыз.

Денсаулық: Кейде өзін нашар сезіну үшін ауырып қалудың қажеті жоқ. 2022 жылдың шілдесіне дейін сізді денсаулығыңызға қатысты жағымсыз ойлар мазалауы мүмкін. Оларға назар аудармауға тырысыңыз және бәрі сіз ойлағандай жаман емес екенін есте сақтаңыз. Жалпы жыл шаршаңқы басталуы мүмкін. Бірақ кішкене шыдасаңыз көктемде күшіңіз қайта жиналып, өзіңізді еркін сезінетін боласыз.

СУҚҰЙҒЫШ

Қызмет, қаржы: Биыл қаржылай тұрғыда сізде біраз оң өзгеріс болады. Қызметті ысырып қоймай, жыл басында-ақ кіріскен абзал. Әзірге демалысты кейінге шегере тұрған дұрыс. Есесіне соңында сіз молшылыққа кенеліп, жаңа бір деңгейге өсесіз. Ал күшім жетпейді дегенді мүлде ойыңыздан шығарып тастасаңыз болады. 2022 жылы сіз барлығына да үлгересіз. Бастысы, жоспар құрып, сол бойынша ілгері жүрсеңіз болғаны.

Жеке өмір: Жеке қарым-қатынас мәселесі сізді биылғы жылы аса бір қатты алаңдатпайды. Дегенмен бәрімізге махаббат пен сезім қажет. Сол үшін басы бос жандар наурыз бен сәуірде әрекет етсе болады. Ал жүрегінің жартысы, сүйген жары барлар көңіл бөлуді ұмытпаса болғаны. Қалғанының барлығы өз шешімін өзі табады.

Денсаулық: Жыл белсенді түрде басталады. Қаңтардың бірінші аптасынан кейін сіздің күш-қуатыңыз оралады. Сол кезеңде идеяларыңызды жүзеге асыруға алаңдамай кірісе аласыз. Тек уақытылы түрде демалуды ұмытпаңыз. Сіздегі күшті шексіз деп қабылдамай, өзіңізге көңіл бөлуді естен шығармаңыз.

БАЛЫҚТАР

Қызмет, қаржы: Жеке бизнесіңіз немесе қызметіңізде аса бір өзгеріс болмаса да оған бей-жай қарауға болмайды. Әсіресе биыл қосымша табыс көзіңізді арттыруға мол мүмкіндік болады. Барлық сәтті оңтайлы пайдаланып, дұрыс шешім қабылдасаңыз мол қаржыға кенелесіз. Қызметте үлкен жаңалық болмайды, бірақ бұл қаржылық артуды жоққа шығармайды. Бастысы, еңбектеніп, салғырттықтан сақ болыңыз.

Жеке өмір: Наурыз айының соңына дейін жеке қарым-қатынас тақырыбы сіздің назарыңызды аудара қоюы екі-талай. Әрине, жаңа таныстар пайда болады, бірақ олар сізге аса бір қажетті деуге келмейді. Есесіне содан кейін сіздің тартымдылығыңыз оң үлесін тигізіп, айналаңыздағылар көп көңіл бөледі. Ал оларды қабылдау немесе қабылдамау – өз еркіңізде.

Денсаулық: Денсаулығыңызға аса бір қауіп төнбегенмен кей мезгілде жіті назар аударғаныңыз жөн. Соның ішінде наурыздың басы мен қазан айында салғырттық танытпаңыз. Жазғы мезгілде де суық заттардан бас тартып, тұмаудан сақтанып жүрген дұрыс. Ал экстремалды әрекеттер биыл аса бір қауіп төндірмейді.

Топтастырып, дайындаған

Аслан НҰРАЗҒАЛИ

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: