Бейсенбі, 30 қаңтар, 13:28

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№ 7, 2120
28.01.2025
PDF мұрағаты

2024 жылы экономика 4,8 пайызға өсті — Олжас Бектенов

28.01.2025

72 0

Фото: Ағыбай Аяпбергенов

Аграрлық сектор мен өңдеуші салада соңғы 10 жыл ішіндегі ең қарқынды өсім тіркелді. Бұл туралы Үкіметтің кеңейтілген отырысы барысында Премьер-министр Олжас Бектенов айтты.

– 2024 жылы экономика 4,8 пайызға өсті. Ауыл шаруашылығында 13,7 пайыз, құрылыста — 13,1, саудада — 9,1, көлік саласында 8,5 пайыз деңгейінде өсімге қол жеткізілді. Өңдеу өнеркәсібінің көлемі 5,9 пайызға ұлғайды. Аграрлық сектор мен өңдеуші салада соңғы 10 жыл ішіндегі ең қарқынды өсім тіркелді, – деді Олжас Бектенов.

Оның айтуынша, мұнай өндіру көлемі 2 млн 400 мың тоннаға төмендеп, жалпы ішкі өнімнің өсу қарқынына кері әсерін тигізді.

– Бұл көбіне еліміздің ОПЕК+ аясындағы міндеттемелеріне және ірі кен орындарындағы күрделі жөндеу жұмыстарына байланысты болды, – деді Үкімет басшысы.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: