Ауыл әкімдерін тікелей сайлау тетігі енгізілген уақыттан бері Қызылорда облысындағы 146 әкімнің 90 пайызы жаңадан сайланды.
ҚР Жергілікті өзін өзі басқару туралы заңға сәйкес әкімдер 4 жыл мерзімге сайланады.
2025 жылы өкілеттілік мерзімі аяқталатын және мерзімінен бұрын тоқтатылған ауыл әкімдерінің сайлауы ұйымдастырылады. Мәселен, Қызылорда қаласында 2 ауылдық округ, Арал ауданында 10 округ, Қазалы ауданында 2 округ, Қармақшы ауданында 4 округ, Жалағаш ауданында 5 округ, Сырдария ауданында 6 округ, Шиелі ауданында 3 округ және Жаңақорған ауданында 15 ауылдық округ әкімі сайланады.
Айта кетейік, өткен 2024 жылы 33 ауыл әкімі сайланды. Оның 2-і кент, 31-ы ауылдық округ әкімі.
Ауыл әкімі сайлауының өткізу кезеңдері туралы ақпарат білгіңіз келсе, постердегі QR кодты сканерлеңіз.
Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!