Бейсенбі, 27 қараша, 16:09

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№90 (2202)
25.11.2025
PDF мұрағаты

2026 жылы айыппұл қанша теңгеге өседі

27.11.2025

44 0

Фото: sefa ozel/ Getty Images

Елімізде 2026 жылы 1 қаңтардан бастап 1 АЕК 4 325 теңге болады. Яғни бұл АЕК-пен есептелетін кез келген төлем, оның ішінде айыппұл, әлеуметтік төлемдер және т.б. көлемі де артады дегенді білдіреді, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Биыл 1 АЕК 3 392 теңгеге тең. Енді 2026 жылдан бастап ол 393 теңгеге өспек.

Ендеше 2026 жылы 1 қаңтардан бастап құқық бұзып, айыппұл арқалағандар қанша теңге төлейтінін есептеп көрейік.

Рәміздерді қорлау

Қылмыстық кодекстің “Мемлекеттік рәміздерді қорлау” туралы 372-бабы бойынша рәміздерді қорлағаны үшін айыппұл көлемі 3 000 АЕК-ке тең.

2025 жылдан бастап 1 АЕК 4 325 теңге, демек 3 000 АЕК 12 975 000 теңге болады.

Кіреберісте қоқыс қалдырғандар да айыппұл төлейді

Пәтерге кіреберістегі есігінің қасына қоқыс салынған дорбаны қалдырғаны үшін Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 505-бабына сәйкес «Абаттандыру қағидаларын бұзғаны» үшін 20 АЕК айыппұл салынады. Ал бұл әрекетті азамат бір жыл ішінде қайталап жасаса, онда 30 АЕК көлемінде айыппұл салынады.

20 АЕК 86 500 теңгеге тең болса, 30 АЕК 129 750 теңге.

Шулап, тыныштықты бұзу

Елімізде заң бойынша кешкі сағат 22.00-ден 9.00-ге дейін тыныштықты бұзуға болмайды. Тұрғын үй ғимараттары мен тұрғын үй құрылысы аумақтарында орналасқан ойын-сауық орындарына жұмыс күндері сағат 22.00-ден таңғы 9.00-ге дейін, демалыс және мереке күндері сағат 23.00-ден таңғы 10.00-ге дейін шулауға тыйым салынады. Тәртіп бұзған жеке тұлғаларға – 5 АЕК (21 625 теңге), бір жыл ішінде қайталанса 10 АЕК (43 250 теңге) айыппұл салынады.

Сонымен қатар кәсіпкерлерге 20 АЕК-тен 150 АЕК-ке дейін (86 500 – 648 750 теңге) айыппұл салынады.

Түкіру

Қоғамдық орында түкіргені үшін, сондай-ақ белгіленбеген жерлерде қоқыс тастағаны үшін құқық бұзған адамға бірінші рет 5 АЕК, яғни 21 625 теңге айыппұл салынады. Ал азамат осы әрекетін қайталаса, онда 10 АЕК, яғни 43 250 теңге көлемінде айыппұл төлейді.

Көлік жүргізгенде телефон пайдаланып, белбеу тақпау

Жолаушылар мен жүктерді тасымалдау ережелерін бұзғаны, қауіпсіздік белбеуін тақпаны және көлік жүргізіп бара жатқанда телефон пайдаланғаны үшін жүргізушілерге 5 АЕК көлемінде айыппұл салынады. Бұл 2025 жылы 21 625 теңге.

Құжатсыз көлік жүргізу

Жүргізу құқығы жоқ жүргізушінің көлікті басқаруы 20 АЕК, яғни 86 500 теңге көлемінде айыппұл төлейді. Көлік құралын басқару құқығынан айырылғандар көлік жүргізсе, оларға 50 АЕК, яғни 216 250 теңге айыппұл салынады немесе 20 тәулікке қамауға алынады.

Автобуста жолақы төлемеу

Қала және қала маңындағы қоғамдық көлікте жолақыны төлмегендерге 2 АЕК, яғни 8 650 теңге айыппұл салынады.

Ал жолаушыларды билетсіз алып жүргені үшін 5 АЕК (21 625 теңге) айыппұл салынады.

Кәмелетке толмағандардың түнде жүруі

Кәмелетке толмағандар заңды өкілдерінсіз 22.00-ден 6.00-ге дейін ойын-сауық мекемелерінде болса, олардың ата-анасына 3 АЕК (12 975 теңге) мөлшерінде айыппұл салынады. Ал 18 жасқа толмаған бала 23.00-ден 6.00-ге дейін үйден тыс жерде жүрсе, онда заңды өкілдеріне ескерту жасалады. Егер осы әрекеттер бір жыл ішінде қайталанса, онда баланың заңды өкілдеріне 30 275 теңге (7 АЕК) айыппұл салынады.

Ойын-сауық мекемесінің иелеріне де 10-нан 100 АЕК дейінгі мөлшерде (43 250 және 432 500 теңге) айыппұл салу көзделген.

Жолды кесіп өту

Жаяу жүргіншілер жол қозғалысы ережелерін сақтамағаны үшін (қате жерден өту және т.б.) 2 АЕК (8 650 теңге) көлемінде айыппұл төлейді. Бір жыл ішінде қайталап бұзғаны үшін айыппұл 10 АЕК-ке (43 250 теңге) дейін өседі.

Жылдамдықты асыру

Көлік жылдамдығын асырғаны үшін:

– сағатына 10-20 шақырымға асырғаны үшін айыппұл 5 АЕК (21 625 теңге).

– сағатына 20-40 шақырымға асырғаны үшін 10 АЕК (43 250 теңге).

– сағатына 40 шақырымнан асырғаны үшін айыппұл қазірдің өзінде 20 АЕК (86 500 теңге).

Әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде жылдамдықты қайталағаны үшін 30 АЕК (129 750 теңге) айыппұл қарастырылған.

Қоғамдық орында балағат сөз айту

2023 жылғы наурыз айынан бастап заңға қоғамдық орындарда балағат сөз айтқандарға 20 АЕК, яғни бұл 86 500 теңге немесе 30 тәулікке қамауға алынады.

ӘҚБтК-нің 73-бабы бойынша отбасында және тұрмыста балағат сөз айтқаны үшін ескерту немесе 5 АЕК (21 625 теңге) көлемінде айыппұл салынады. Ал мұғалімді немесе дәрігерді балағаттаса, онда 10 АЕК (43 250 теңге) көлемінде айыппұл қарастырылған.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: