Бейсенбі, 26 желтоқсан, 23:21

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№101 (2111)
24.12.2024
PDF мұрағаты

2026 жылы «Байқоңырдан» «Протон – М» зымыран тасымалдағышын ұшыру тоқтатылады

27.03.2022

707 0

2026 жылы «Байқоңырдан» «Протон – М» зымыран тасымалдағышын ұшыру тоқтатылады. Бұл жайында Мәжіліс депутаттарының сауалына ҚР Премьер-Министрі Әлихан Смайыловтың жауабында айтылған, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Бүгінгі күні зерттеу нәтижелері бойынша алынған деректер зымыранғарыш қызметінің тасымалдағыш зымырандардан бөлінетін бөліктердің құлау аудандарымен шектес аумақтағы елді мекендер тұрғындарының мекендеу ортасының жай-күйіне және денсаулығына тікелей әсерін растаудың жоқ екендігін көрсетеді. Депутаттық сауалда сипатталған патологияға гептил зымыран отынының қатысы жоқ. Өйткені «Протон-М» ЗТ бөлінетін бөліктерінің пайдаланылатын құлау аудандарында елді мекендер жоқ. «Протон-М» ЗТ-ның құлау аудандары Жезқазған қаласынан едәуір қашықтықта (73,3 шақырым) орналасқан. Бұл – «Протон» ЗТ құлау ауданына ең жақын елді мекен», – деді Үкімет басшысы жауабында.

Премьер-Министрдің дерегенше, 2014 жылғы 24 қарашадағы «Байқоңыр» кешені бойынша Қазақстан-Ресей үкіметаралық комиссиясының отырысы аясында Қазақстан Республикасының қоршаған ортасына экологиялық жүктемені азайту мақсатында 2017 жылдан бастап зымыран отыны-гептилді (симметриялы емес диметилгидразин, НДМГ) пайдаланатын «Протон – М» ЗТ ұшырылымдарын (2017 жылы 2-ге, 2020 жылы тағы 2-ге, 2025 жылы 5-ке дейін жеткізу) қысқарту және ұшырылымдарды 2026 жылы толық аяқтау көзделген.

«Сонымен бірге, Байқоңыр ғарыш айлағы қызметінің әсері тұрғысынан Қарағанды облысының Жезқазған-Ұлытау өңірінде онкологиялық аурулардың өсу себептерін зерделеу мақсатында Экология, геология және табиғи ресурстар Министрінің 2022 жылғы 4 наурыздағы № 69-Ө бұйрығымен мүдделі мемлекеттік органдармен және өңірдің жұртшылық өкілдерімен бірлесіп ведомствоаралық комиссия құрылды», – деді Әлихан Смайылов.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: