2025 жылғы 30 желтоқсанда өткен Үкімет отырысында Премьер-министр Олжас Бектенов 2026 жылы қабылдануы қажет заңдар туралы хабарлады, деп жазады Zakon.kz.
Олжас Бектеновтің айтуынша, 2026 жылы Үкімет заң шығару саласында экономикалық және әлеуметтік маңызды бағыттарға назар аударады.
«Бағыттардың бірі – мемлекеттік мүлікті басқаруды одан әрі жетілдіру. Мемлекеттің экономикадағы қатысу шекараларын нақты бекіту және басқаруға қойылатын құқықтық талаптарды айқындау қажет. Біз қызметкерлердің құқықтарын қорғауды күшейту және әлеуметтік қамтамасыз ету жүйесін нығайту үшін нормативтік базаны жетілдіру бойынша белсенді жұмысымызды жалғастырамыз. Сонымен қатар заңнамалық бастамалар мұнай-газ-химия өнеркәсібін жүйелі және кешенді дамытуға көмектесетін болады», – деді премьер-министр.
Келесі жылы барлығы 12 заң жобасын әзірлеу жоспарланып отыр.
Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!
