Сейсенбі, 16 желтоқсан, 18:46

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№96 (2208)
16.12.2025
PDF мұрағаты

2026 жылы Қазақстанда 6 жаңа жол ақылы болады

16.12.2025

47 0

Фото: ТАСС

2026 жылдан бастап Қазақстанда тағы алты автожол ақылы жүйеге көшеді. Жолақы төлеу мерзімі ұзарғанымен, төлем уақытында жасалмаса, жүргізушілер әкімшілік жауапкершілікке тартылады. Бұл туралы Stan.kz  хабарлайды.

Келер жылдан бастап Қазақстанда тағы алты автожол ақылы жүйеге көшеді. Ақылы жолдардың жалпы ұзындығы 1,8 мың шақырым болады. 

Алғашқылардың бірі болып Қарағанды – Балқаш тасжолы ақылы болады. Сондай-ақ Ақтөбе – Қандыағаш, Талдықорған – Өскемен және Мерке – Шу бағыттарында да жолақы енгізіледі.
Төлем мөлшері көліктің түріне және жүрілген қашықтыққа қарай есептеледі. Айта кетейік, 2026 жылы тариф құны көтерілмейді. Алайда жолақы төлеу тәртібі өзгереді. Бұған дейін төлем жасауға 7 күн берілсе, енді бұл мерзім 30 күнге дейін ұзартылды.

Белгіленген уақытта жолақы төленбеген жағдайда, деректер көлік бақылау органдарына жіберіліп, жүргізуші әкімшілік жауапкершілікке тартылады.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: