Сәрсенбі, 03 желтоқсан, 19:38

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
92, (2204)
02.12.2025
PDF мұрағаты

2026 жылы зейнетақы жинағынан қанша теңге шығарып алуға болады?

03.12.2025

34 0

Фото: BAQ.KZ коллажы

Қазақстанда ең төменгі жеткілікті шегінің (ТЖШ) өзгеруі қоғамда үлкен қызығушылық тудырып отыр. Азаматтарды әсіресе шек өссе, қанша пайызға немесе қанша теңгеге өсетіні, сондай-ақ есептеу формуласы өзгеруі мүмкін бе деген сұрақтар толғандырады, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

БЖЗҚ редакциямыздың ресми сауалына жауап беріп, ең төменгі жеткілікті шегінің қалай есептелетінін түсіндірді.

Қолданыстағы Әлеуметтік кодекс бойынша, “БЖЗҚ” АҚ жыл сайын келесі жылдың республикалық бюджеті туралы заң ресми жарияланғаннан кейін бес жұмыс күнінен кешіктірмей, алдағы жылға арналған ТЖШ мөлшерін жариялауға міндетті. Бұл көрсеткіш жаңа жылдың басынан бастап қолданысқа енгізіледі.

ТЖШ дегеніміз не?

Ең төменгі жеткілікті шегі – болашақ зейнеткерге ең төменгі зейнетақыдан кем емес төлем алуға мүмкіндік беретін зейнетақы жинақтарының ең аз сомасы. Ол міндетті зейнетақы жарналары, болашақ жарналардың болжаулы көлемі, инвестициялық табыстылық және негізгі әлеуметтік-экономикалық көрсеткіштер негізінде есептеледі.

Есептеу қалай жүргізіледі?

ТЖШ ҚР Үкіметінің 2023 жылғы №521 қаулысымен бекітілген Әдістеме бойынша есептеледі. Формула нақты заңнамаға сүйенеді және келесі көрсеткіштерге негізделеді:

  1. ең төменгі жалақы;
  2. мемлекеттік базалық зейнетақының ең төменгі мөлшері;
  3. ең төменгі зейнетақы;
  4. ең төменгі күнкөріс деңгейі.

ТЖШ-ның нақты өсімі немесе формуланың өзгеруі тек республикалық бюджет туралы заң қабылданғаннан кейін белгілі болады. БЖЗҚ оны ресми түрде жариялайды.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: