Сәрсенбі, 10 желтоқсан, 21:45

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№94 (2206)
09.12.2025
PDF мұрағаты

2026 жылы зейнетақы жинағының шегі өзгереді

10.12.2025

71 0

Фото: Ашық дереккөз

2026 жылы зейнетақы жинағының жеткілікті шегі орта есеппен 10 пайызға өседі. Өсім болжанған инфляция деңгейіне сәйкес келеді, деп хабарлайды Egemen.kz.

Жеткілікті шегінің мөлшерін есептеуге мына көрсеткіштер әсер етеді:

  • Ең төменгі жалақының көлемі;
  • Ең төменгі зейнетақы мен базалық зейнетақы төлемі;
  • Ең төменгі күнкөріс деңгейі.

Оны төмендегі мақсаттарға жұмсауға болады:

  • Тұрғын үй немесе жер телімін сатып алу;
  • Үй салу;
  • Ипотеканы өтеу немесе алғашқы жарна ретінде қолдану.

Сонымен қатар қаражатты емделуге немесе инвестициялық сенімгерлік басқаруға беруге мүмкіндік бар. Алайда қыркүйек айынан бастап стоматологиялық, ал 4 желтоқсаннан бастап офтальмологиялық қызметтерге зейнетақы жинақтарын пайдалануға тыйым салынды.

2026 жылғы 1 қаңтардан бастап зейнетақы жинақтарын алынбайтын түрде, яғни салықсыз шешуге болады. БЖЗҚ арқылы берілетін төлемдер жеке табыс салығынан толық босатылады.

Бұған дейін зейнетақы жинағындағы артық қаражаттарын пайдаланып, жеке табыс салығын төлеген азаматтарға қаржы кері қайтарылмайды. 

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: