21 наурыз – Ынтымақ күні. Бұл күн Наурыз мейрамының онкүндігі (Наурызнама) аясында ел бірлігі мен татулығын дәріптейтін ерекше күн, – деп хабарлайды kursiv.media
Мерекенің басты мақсаты – халықтың ауызбіршілігін нығайту, «бірлік бар жерде — тірлік бар» деген ұғымды жас ұрпақтың санасына сіңіру.
Осы күні адамдар бір-біріне кешіріммен қарап, араздықтарды ұмытып, жақсы тілектер айтады. Еліміздің барлық өңірлерінде этносаралық татулықты паш ететін фестивальдер, көрмелер мен концерттер өтеді.
Қазақстанды мекендейтін барлық ұлт өкілдері бір дастарқан басында жиналып, ұлттық тағамдардан дәм татады.
Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!
