Дүйсенбі, 25 қараша, 02:56

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№93 – 2103
23.11.2024
PDF мұрағаты

21 шілдеге арналған жұлдыз жорамал

21.07.2023

441 0

Жұлдыз жорамалы бойынша сізді не күтіп тұрғанын біліңіз. Біздің жұлдыз жорамалымызға сүйене отырып, сіз жұмыс жоспарыңызды тиімдірек құра аласыз, жеке қарым-қатынастарыңызды дамыта аласыз және күнделікті денсаулығыңызды бақылай аласыз.

Жұлдыз жорамал: Тоқтыларды бүгін не күтіп тұр? Қолыңызға күтім жасаңыз: жаңа нәрлі крем сатып алып, өзіңізді қуантыңыз. Біліміңізді шыңдауды жоспарлап жүрген болсаңыз, бүгін бұл жоспарыңызды жүзеге асыруға оңтайлы күн болмақ. Осылайша жаныңызға жақын жұмыс табуыңыз әбден мүмкін.

Жұлдыз жорамал: Торпақтарды бүгін не күтіп тұр? Барлығын жүрекке жақын қабылдамаңыз. Қиындықтардың орын алуы – қалыпты жайт. Өзіңізді-өзіңіз жей бермеңіз, сонда кімді болса да оңай жеңе аласыз. Алғаш танысқан кездегі сезімдерді қайтару үшін жылы лебіз танытқан абзал. Сол үшін сыйлық сыйлап, қарым-қатынасыңызда жылылық пайда болуына жағдай жасаңыз.

Жұлдыз жорамал: Егіздерді бүгін не күтіп тұр? Жақын адамдарыңыздан демалысын/каникулын қалай өткізгісі келетінін сұрап, демалысты алдын ала жоспарлап қойыңыз. Әйтпесе, уақытты босқа жоғалтып алуыңыз мүмкін. Ұйықтар алдында ұйқыңыз тыныш болуы үшін үй жануарымен немесе жақын адамыңызбен серуендеңіз.

Жұлдыз жорамал: Шаяндарды бүгін не күтіп тұр? Маусымдық сатылымдарға назар аударыңыз: көңіліңізден шығатын жаңа затты табу ықтималдығы жоғары. Өміріңізде өзгеріс бар. Бірақ әзірге өзгерістерді, жоспарларды, идеяларды басқаларға бөлісуге асықпаңыз.

Жұлдыз жорамал: Арыстандарды бүгін не күтіп тұр? Қарым-қатынасты енді бастап жатқан белгілерге тез арада жақын адамымен өз құндылықтарын нақтылап алған абзал. Уақытыңызды ол адамға бекер кетіріп жүрген болуыңыз мүмкін. Сізге өзіңізді бағалай білуді үйрену керек, сіз көбінесе кемшіліктерге назар аудара отырып, сыртқы келбетіңіздің артықшылықтарын байқамайсыз.

Жұлдыз жорамал: Бикештерді бүгін не күтіп тұр? Жақындарыңызбен естелікке толы жылы кеш өткізіңіз, ескі суреттерді ақтарып, альбом қараңыз. Болмаса сүйікті отбасылық фильмді бірге қараңыз. Өз идеяларыңызды басшылармен бөлісуден қорықпаңыз, сіздің ынтаңыз пайда әкеледі.

Жұлдыз жорамал: Таразыларды бүгін не күтіп тұр? Бұл кәсіби және ең күрделі міндеттерді шешуге тамаша уақыт. Сіз сәттілікке әкелетін ескі жоспарларды жүзеге асыра аласыз. Тиімді келісім жасасуыңыз мүмкін, содан кейін жаңа серіктестермен жемісті жұмыс басталады. Серіктесіңіздің ашық әңгімесі сізге кері әсерін тигізуі мүмкін болса, онда оның сырын тыңдамай-ақ қойыңыз. Түрлі даулардан сақ болыңыз.

Жұлдыз жорамал: Сарышаяндарды бүгін не күтіп тұр? Қарым-қатынас нығаяды, жанжалдар ұмытылады, серіктеспен көбірек уақыт өткізуге деген ұмтылыс пайда болады. Жалғызбасты адамдар жаңа адамдармен жақынырақ танысуға мүмкіндік алады: барынша ашық болуға тырысыңыз. Кездесулер, жұмыс қоңыраулары үшін жақсы күн: сіз жоспарлағанның бәрі нәтижелі болады.

Жұлдыз жорамал: Мергендерді бүгін не күтіп тұр? Егер сіз ұзақ уақыт бойы өз бойыңызға салауатты өмір салтын сіңіргіңіз келсе, дәл қазір бастаңыз: күні бойы су ішуді еске салатын қолданбаны орнатып алыңыз. Ұйқыдан ояна сала төсегіңізді жинауды әдетке айналдырыңыз: бұл күніңіздің өнімді болуына септігін тигізеді.

Жұлдыз жорамал: Тауешкілерді бүгін не күтіп тұр? Өз сезімдеріңізді сараптауды үйреніңіз: сізді шын мәнінде не мазалап жүргенін түсінуге тырысыңыз, бұл өзіңізді жақсы сезінуге септік болады. Жақын достарыңыздың өмірінде өзгерістер болып жатыр. Сол үшін өз өміріңіздегі кей жайттарды өзгертуге тура келуде. Бұл адамдардың кейбірімен еш ойланбастан байланысты үзгеніңіз абзал.

Жұлдыз жорамал: Суқұйғыштарды бүгін не күтіп тұр? Егер сізде қарсы көрсетілімдер болмаса, ас мәзіріңізге ферментке бай тағамдарды көбірек қосыңыз, оның құрамынада пайдалы заттар көп. Жеке өмір мен жұмыс арасындағы тепе-теңдікті сақтауға тырысыңыз, жұмыс үшін жеке уақытыңызды ұрлап, артығынан отырмаңыз.

Жұлдыз жорамал: Балықтарды бүгін не күтіп тұр? Өтінішпен келгендердің бәрін сабырмен тыңдаңыз. Барлығына көмектесу міндетті емес, бірақ жақсы іс жасау керек. Бүгін дене шынықтырумен айналысу сізге жақсы әсер етеді. Дәстүрлі медицина көмегімен денсаулықты қалпына келтіру қиын емес.

Ақпарат көзі: kaz.nur.kz

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: