Ұлттық банк басшысы Тимур Сүлейменов елдегі ипотека мөлшерлемесіне қатысты жаңа реттеу шаралары әзірленіп жатқанын хабарлады. Ол 25%-бен берілетін несиелер халықтың қалтасына айтарлықтай салмақ салатынын айтты, – деп хабарлайды kursiv.media
Сүлейменовтің айтуынша, елде ипотекаға сұраныс әлі де жоғары, несие беру 10%, тіпті одан да көп өсіп келеді.
«Біз ипотекалық несие беру көрсеткішінің төмендегенін көріп отырған жоқпыз. Керісінше, ипотека өсіп жатыр. Келесі жылдың шілдесіне дейін біз қандай да бір шараларды қабылдайтын боламыз. Себебі, қайталап айтамын, 25% мөлшерлемемен 10 жылға берілетін ипотека өте қауіпті. Бұл төлемнің үш есе көбейуіне әкеледі, сондықтан азаматтарымыздың қарызға белшеден батып кетпеуіне жол бермеуіміз қажет», – деді Сүлейменов мәжіліс кулуарында.
Ұлттық банк басшысы жаңа нарықты реттеу механизмі әзірленіп жатқанын атап өтті. Ол бастапқы жоспарланғаннан жеңіл әрі ыңғайлы болады.
Оның айтуынша, енгізілетін өзгерістер ипотеканың нақты төлем мөлшерін есептеуге байланысты болады.
«Біз ипотеканы есептеудің дәлірек механизмін жасап шықтық, қазір сол бойынша жұмыс істеп жатырмыз. Ол ойлағанымыздан күрделі болып шықты, бірақ 2027 жылдың 1 шілдесінен бастап жаңа тиімді жылдық ставка енгізіледі», – деді Сүлейменов.
Бұған дейін Ұлттық банк төрағасы Тимур Сүлейменов те халықтың табысы мен несие алу қарқыны азайғанын айтқан.
Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!
