Сәрсенбі, 22 қазан, 14:22

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№80, 2192
21.10.2025
PDF мұрағаты

25 қазан – Республика күні қарсаңында белсенді жастар «Анаға тағзым» рухани-мәдени орталығына арнайы экскурсия жасады

22.10.2025

52 0

Шараға 50-ге жуық қыз балалар қатысып, орталықтың қызметімен және ондағы тәрбиелік бағыттағы жұмыстармен етене танысты.

Шара барысында “Анаға тағзым” орталығының психолог маманы Ақшарбат Бақытжанқызы қатысушылардың өз эмоцияларын тану, қабылдау және басқару қабілеттерін дамыту арқылы ішкі үйлесімділікке жетуіне, өз-өзімен және айналасымен сапалы қарым-қатынас орнатуына ықпал ету мақсатында “Эмоция және ішкі мен” тақырыбында тренинг өтті.

Тренинг нәтижесінде қатысушылар өз эмоцияларын түсіну және бақылау дағдыларын дамытып, ішкі «Менін» қабылдау деңгейі арттырады. Қыз балалар сол арқылы өз-өзіне сенімділік, өмірге позитивті көзқарас және эмоционалды тепе-теңдіктің маңыздылығын үғынады.

Кездесу соңында қатысушылар алған әсерлерімен бөлісіп, елдік пен бірлікке, ұлттық құндылықтарды сақтау мен насихаттауға шақыратын ойларын ортаға салды.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: