Жексенбі, 24 қараша, 15:07

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№93 – 2103
23.11.2024
PDF мұрағаты

26 тамызға арналған жұлдыз жорамал

26.08.2023

603 0

Жұлдыз жорамалы бойынша сізді не күтіп тұрғанын біліңіз. Біздің жұлдыз жорамалымызға сүйене отырып, сіз жұмыс жоспарыңызды тиімдірек құра аласыз, жеке қарым-қатынастарыңызды дамыта аласыз және күнделікті денсаулығыңызды бақылай аласыз.

Жұлдыз жорамал: Тоқтыларды бүгін не күтіп тұр? Сізге көңілін, уақытын бөліп, қолдау көрсетіп жүрген достарыңызға ашық түрде ризашылығыңызды білдіріңіз, олар сізге әрдайым қолдау көрсетуге міндетті деген ойдан арылыңыз. Кез келген кездесу сізге жақсы көңіл-күй сыйламақ. Достармен араласып, оларға көбірек уақыт арнаңыз, дүкен аралаңыз.

Жұлдыз жорамал: Торпақтарды бүгін не күтіп тұр? Таңертең маңызды мәселелерді талқылаудан аулақ болыңыз, өйткені сіз арандатушылыққа оңай берілесіз. Бейтаныс адамдармен қарым-қатынаста ішкі тепе-теңдікті сақтау қиын. Кешке қарай ұсақ-түйекке көп алаңдамайтын боласыз, сондықтан бұл шешім қабылдау үшін ең жақсы уақыт.Бұл күн диетаны бастауға, ораза ұстауға, тазарту процедураларын жасауға қолайлы. Бұл процедуралар физикалық денсаулық пен психологиялық әл-ауқатты жақсартады.

Жұлдыз жорамал: Егіздерді бүгін не күтіп тұр? Созылмалы ауруларыңыз қайта асқынуы мүмкін. Жағдайыңыз нашарлап кетпес үшін маманға жүгініңіз. Физикалық жүктеме пайдалы болады, бірақ суық тигізіп алмас үшін, ауа райына сәйкес киініңіз.

Жұлдыз жорамал: Шаяндарды бүгін не күтіп тұр? Жоспарланған достық кездесуден бас тарта көрмеңіз, өйткені осылайша уақытты жақсы өткізуге кепілдік бар, ал егер үйде жалғыз қалсаңыз, кейін өкініп қалуыңыз мүмкін. Өзіңізге дос ретінде қарауды үйреніңіз. Жақындарыңызға көрсетіп жүрген қолдауды өзіңізге де көрсетуді ұмытпаңыз, досыңызға қалай ақыл-кеңес беріп, бағалау жасасаңыз, өзіңізге де дәл солай кеңес беріп отырыңыз.

Жұлдыз жорамал: Арыстандарды бүгін не күтіп тұр? Жұмыс поштаңызды тексеруді ұмытпаңыз, әсіресе бүгін: сізге шұғыл жауап беруді қажет ететін маңызды хат келуі мүмкін. Кез келген саладағы сұлулық маманына барар алдында интернетте ол туралы және салон туралы пікірлерді оқыңыз. Бұл көңіліңізді қалдырмауға және ақшаны үнемдеуге көмектеседі.

Жұлдыз жорамал: Бикештерді бүгін не күтіп тұр? Егер сіз соңғы уақытта бірнеше келі салмақ қосып алсаңыз, уайымдамаңыз, зиянды тағамды рационыңыздан алып тастау арқылы артық салмақты оңай тастауға болады. Егер өз денсаулығыңызға алаңдасаңыз – дәрігерге баруды кейінге қалдырмаңыз, бүгін – маманның қабылдауына жазылуға қолайлы күн.

Жұлдыз жорамал: Таразыларды бүгін не күтіп тұр? Бүгін жұмыс бойынша кездесулерді тоқтата тұрған дұрыс, жоспарлар мен тапсырмаларды талқылау өнімді болмайды. Алғаш танысқан кездегі сезімдерді қайтару үшін жылы лебіз танытқан абзал. Сол үшін сыйлық сыйлап, қарым-қатынасыңызда жылылық пайда болуына жағдай жасаңыз.

Жұлдыз жорамал: Сарышаяндарды бүгін не күтіп тұр? Достардан көмек сұраудан қорықпаңыз, олар сізге көмектесе алады. Өз сезімдеріңізді сараптауды үйреніңіз: сізді шын мәнінде не мазалап жүргенін түсінуге тырысыңыз, бұл өзіңізді жақсы сезінуге септік болады.

Жұлдыз жорамал: Мергендерді бүгін не күтіп тұр? Аурудың алғашқы белгілерін сезсеңіз, жұмыстан бір күн сұраныңыз, сонда сіз ұзақ ауырмайсыз және тез жазыласыз. Бүгін жеке өміріңізге қатысты маңызды шешімдер қабылдамаңыз, өйткені сіз қателікке ұрынуыңыз мүмкін. Кеңес бермеңіз немесе сыни ескертулер жасамаңыз.

Жұлдыз жорамал: Тауешкілерді бүгін не күтіп тұр? Жақындарыңызбен қарым-қатынасқа назар аударыңыз, мәмілеге келетін уақыт жетті. Ірі жеңіске жету үшін ұсақ-түйек дүниелерге көндігуге де болады. Жаңа достарға жақсы әсер қалдырыңыз. Болмысыңызды өзгертпеңіз. Шынайы әрекет етіңіз.

Жұлдыз жорамал: Суқұйғыштарды бүгін не күтіп тұр? Көңіл-күйіңізді көтеру үшін демалыңыз. Бұл түстен кейін жоспар құруға көмектеседі. Сұлулық стандарттарының қалай өзгергені және өзгеріп жатқаны туралы YouTube арнасындағы танымал бейне-роликтердің бірін қараңыз. Бұл олардың қаншалықты жасанды, мағынасыз екенін және ондай стандарттарды қуудың еш мәні жоқ екенін түсінуге, өзіңізге ұнайтын нәрсеге көбірек назар аударға тырысқаныңыз жөн екенін ұғынуға мүмкіндік береді.

Жұлдыз жорамал: Балықтарды бүгін не күтіп тұр? Күн тыныш өтеді. Демалуға, денсаулығыңызды реттеуге, жаңа жетістіктерге дайындалуға мүмкіндік болады. Адамдармен жиі аралассаңыз, пікірлес адамдар мен одақтастар таба аласыз. Жаңа адамдармен еш қиындықсыз таныса аласыз.

Ақпарат көзі: kaz.nur.kz

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: