Бейсенбі, 26 желтоқсан, 18:59

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№101 (2111)
24.12.2024
PDF мұрағаты

Діни экстремизм мен терроризмнің алдын алудағы шаралар пысықталды

04.12.2022

669 0

Қала әкімінің орынбасары Ақзира Қасымованың төрағалығымен қала әкімдігі жанындағы діни экстремизм мен терроризмнің алдын алуға бағытталған жұмысшы топтың кезекті отырысы өтті.  Жиынға қалаға қарасты кент және ауылдық округ әкімдері, қала әкімдігінің дербес бөлім басшылары, қалалық ақпарат түсіндірмелік және жұмысшы топ мүшелері қатысты.

Отырыста қалалық ішкі саясат бөлімінің басшысы Парасат Жаңабергенов облыс орталығындағы дін саласы бойынша атқарылған жұмыстарды баяндады. Дін мәселесі қашанда өзектілігін жойған емес. Әсіресе, жат ағымның жетегінде кетпес үшін қоғамға дәстүрлі дінімізді дәріптеу, дұрыс бағытты көрсету керек-ақ. Бұл ретте қалалық әкімдік тарапынан жыл сайын «Қала көлемінде діни экстремизм мен терроризмнің алдын алуға бағытталған насихаттық шараларды ұйымдастыру» әлеуметтік қызметі жүзеге асырылуда. Соған сәйкес «TAU NEWS» республикалық ақпараттық орталығы арқылы арнайы бейнероликтер әзірлеген. Сондай-ақ, 180 адрестік кездесу ұйымдастырылып, республикалық ақпараттық-түсіндірмелік топ құрамындағы теолог мамандардың қатысуымен профилактикалық жұмыстар жүргізілген.

Жиында осы және өзге де атқарылған жұмыстар жайы талқыланып, келер жылға арналған жұмыс жоспары бағамдалды.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: