Бейсенбі, 26 желтоқсан, 09:51

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№101 (2111)
24.12.2024
PDF мұрағаты

№366 сайлау учаскесінде мүгедектігі бар адамдардың дауыс беруіне жағдай жасалған

19.03.2023

819 0

Қызылорда қаласы бойынша бүгінгі күнге бірінші топтағы мүгедектігі бар 900-ден астам адамға жеке көмекшімен және естуі бойынша мүгедектігі бар 170-ке тарта адамға 17 ымдау тілі мамандары қызмет ұсынуда.

Сайлау учаскесіне келе алмаған жандарға жылжымалы жәшік апарып, дауыс беруіне жағдай жасалуда.

Мүгедектігі бар адамдарды қолдаудың тағы бір шарасы ретінде Қызылорда қаласында 13 «Инватакси» қызмет көрсетуде. Оның ішінде, арбада отыратын мүгедектер мен мүгедек балаларға 5 автокөлікпен және көруі бойынша және үдемелі бүйрек жетіспеушілігі (гемодиализ) салдарынан мүгедектігі бар адамдарға 8 автокөлікпен қызмет көрсетуде.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: