Жексенбі, 22 желтоқсан, 11:13

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№100 (2110)
21.12.2024
PDF мұрағаты

39 жастағы ер адам қонақ үй ауласында асылып қалған

10.02.2024

830 0

Сурет: paryz.kz

Aqmeshit-aptalygy.kz – Қонақ үй ауласында суицид жасаған 39 жастағы ер адамның өлімі тергеліп жатыр. Оқиға Ақмола облысында орын алған деп хабарлайды қазақпарат.

Аумақтық ПД баспасөз қызметінің мәліметінше, биылғы жылдың 7 ақпанында Бурабай аудандық полиция бөліміне Щучье қаласының 56 жастағы тұрғыны хабарласып, күйеу баласын іздеуге көмек сұраған. 

39 жастағы ер адам 6 ақпаннан бері байланысқа шықпаған.

Жоғалған адамды іздеуге Бурабай ауданы мен облыс полициясының бүкіл жеке құрамы жұмылдырылды. 

Сонымен бірге, оның таныстары мен жақындары сұралды. Ер адамның құмар ойындары мен ставкаға әуестігі анықталды. 

«Бір тәулік өткен соң полиция ер адамның денесін жергілікті қонақ үйлердің бірінің аумағында асылып тұрған жерінен тапты. Қазіргі кезде, осы дерек бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде, оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр», — деді ведомстводан.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: