Бейсенбі, 20 қараша, 11:17

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№88, (2200)
18.11.2025
PDF мұрағаты

4 млн теңге: жоқ несие үшін ақша алған ер адам сотталды

20.11.2025

49 0

Фото: Zakon.kz

Астанада ер адам адамдарға ақылы түрде жеңілдетілген несие рәсімдеуге көмектесемін деп уәде берген, деп хабарлайды Zakon.kz.

Астана прокуратурасының ақпаратына сәйкес, алаяқ 16 адамды алдап, жалпы сомасы 4 млн теңгеден асатын шығын келтірген.

«Алаяқ бір ай ішінде жеңілдетілген несие алып беремін деп уәде еткен. Мысалы, ұлттық компания қызметкері ретінде танысып, жеңілдетілген шарттармен несие рәсімдеуге көмектесемін деген желеумен, өз қызметінің құнын 100 мың теңгеге бағалаған», – деп мәлімдеді прокуратура.

Сот ер адамды кінәлі деп танып, 4 жылға бас бостандығынан айыру жазасын тағайындады.

Келтірілген материалдық шығын өндірілді.

Үкім заңды күшіне енді.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: