Шымкентте 4 жасар бүлдіршін үшінші қабаттағы терезеден құлап кетті, – деп хабарлайды Massaget.kz.
Оқиға 6 шілдеде Қ.Төлеметов көшесі бойындағы көпқабатты тұрғын үйде болған.
«Бала дереу ауруханаға жатқызылды. Дәрігерлердің айтуынша, жағдайы орташа», – деп жазылған мәліметте.
Қалалық ТЖД өкілдері ата-аналар мен ересектерге балаларды қараусыз қалдырмауды, олардың терезеден құлап кетуіне жол бермеу үшін сақтық шараларын сақтауды сұрайды.
Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!