Жексенбі, 22 желтоқсан, 21:12

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№100 (2110)
21.12.2024
PDF мұрағаты

4 жасар баланың қолы ет тартқышта қалып қойды

25.07.2023

796 0

Шымкентте 4 жасар баланың қолы ет тартқышта қалып қойған. Оқиға сенбі күні, 22 шілдеде болды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Құтқару қызметінің «112» нөмеріне 22 шілдеде сағат 19.02-де «Тұран»  шағынауданында орналасқан Новостройка көшесіндегі жеке тұрғын үйде 4 жастағы балаға көмек қажеттілігі туралы хабарлама келіп түскен. Жедел-құтқару жасақтың құрамында 4 адам бар құтқару бөлімшесі оқиға орнына жетті. 4 жасар ер баланың  қолын ет турағыш құралы шайнап қалғаны, соың салдарынан қолын шығара алмай жатқанын анықтаған.

Құтқарушылар гидравликалық және слесарлық құралдарын қолдана отырып, ет турағыш құралды кесіп, баланың қолын темір құрсаудан босатты. Бүлдіршінге медициналық көмек қажет болғандықтан құтқарушылар оны оқиға орнына жеткен медицина қызметкерлеріне тапсырды.

Төтенше жағдайлар департаментінің мәліметінше, жедел-құтқару жасақтың құтқарушылары демалыс күндері 22-23 шілде аралығында 6 рет халыққа қызмет көрсету жұмыстарына шыққан. Оның 3-уі жылан аулау, 2-уі сақинаны шешу жұмыстары. Ал бір жас балаға көмек көрсетті.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: